Жабу
Логин:
Пароль:
Тіркелу
  Кіру
 Интернет-дүкен   |     Нашар көретіндерге арналған нұсқа   |    English   |    Русский   |    Қазақша  



Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорны өткен 15 жыл ішінде республикада өнімнің, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін техникалық реттеуге арналған заңнамалық негіздер мен нормативтік базаны дамыту және жетілдіру бойынша міндеттерді орындау және оларды халықаралық талаптармен үйлестіру мақсатында өз қызметін жүзеге асырып келеді. Институт Техникалық реттеу және метрология комитеті ведомствосына қарасты кәсіпорын ретінде құрылған болатын. Облыс орталықтарында 16 филиалы бар.

Қазақстан жас тәуелсіз мемлекет ретінде әлемдік экономикалық қоғамдастыққа кіру бойынша белсенді интеграциялық үдерістерді жүзеге асыра бастаған кезде аталмыш құрылымды құру барынша маңызды міндет болды. Осы фактор Отанымыздың экономикасының барлық салаларында техникалық реттеу мәселелерін қайта қарауды талап етті, бұл кейіннен техникалық реттеу жүйесін реформалады. Қазақстан Республикасының атынан халықаралық деңгейде шыға алатын мамандарды, стандарттау және сертификаттау саласындағы кадрларды даярлауға және қайта даярлауға барынша қажеттілік туындады.

Стандарттау саласындағы халықаралық ынтымақтастықтарды дамыту мақсатында, қазақстандық стандарттардың дәрежесін арттыруға стандарттаудың ұлттық жүйесін халықаралық, өңірлік және шетелдердің үдемелі ұлттық стандарттау жүйесімен үйлестіру үшін «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» кәсіпорны стандарттау жөніндегі ұлттық органдармен келісімдер жасасқан. Атап айтқанда, институт бүгінгі күні Америка ұлттық стандарттар институты (ANSI), Неміс стандарттау институты (DIN), Америка инженер-механиктер қоғамы (ASME), Америка материалдарды сынау қоғамы (ASTM), Британия стандарттар институты (BSI) секілді құрылымдармен белсенді ынтымақтастықта.

Институт халықаралық стандарттарды үйлестіру үдерісінде үлкен роль атқарды. Институт Қазақстанның Стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымның жұмыстарына белсене қатысады, ИСО-ның 16 техникалық комитетінің толық құқылы мүшесі және 8 қосалқы комитетінде қадағалаушы-мүшесі болып табылады. Осы жылдар ішінде Институтта Стандарттар мен техникалық регламенттердің мемлекеттік қоры құрылған. Екі жыл ішінде ИСО 9001 халықаралық стандарт негізінде институт сапа менеджмент жүйесін өңдеп шығарды. 2005 жылдың қазан айында шетел сертификаттау ұйымы сапа менеджмент жүйесіне қатысты сертификат үйлестірді: сертификаттау жөніндегі өнеркәсіптік дамыған елдер IQNet - халықаралық сертификаттау жүйесін құрайды, OQS - австриялық сертификаттау ұйымы, EUROCERT - Сербиялық сертификаттау ұйымы және EUROASIA MS - Қазақстанның сертификаттау ұйымы.

Техникалық реттеу саласында халықаралық тәжірбиеде жоғары нәтижеге қол жеткізу үшін техникалық реттеу саласындағы дайындықтың тиімді жүйесін және кадрлардың квалификациясын жоғарлату қажет. Осы мақсатпен 10 жыл бойы институт кадрлардың квалификациясын жоғарлату және дайындық жүргізу мақсатында Астана. Алматы қалаларында және жергілікті филиалдар мен өкілетті ұйымдарда қызмет көрсетіліп жатыр. Институт Қазақстан Республикасының “Техникалық реттеу туралы ” Заңнамасының және техникалық реттеу саласындағы құжаттардың және нормативтік құқықтық актілердің негізгі өңдеушісі болғандықтан ұйымдар мен кәсіпорындардағы туындайтын техникалық реттеу саласы, стандарттау және сәйкестікті растау бойынша сұрақтарына оқыту курстарын/ семинарды өткізеді.

Оқытуды жоғары квалификациялы мамандар өткізеді: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің эксперт аудиторлары және техникалық реттеу саласындағы қызмет өтілі 5 жылдан кем емес институттың жетекші мамандары.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесі тыңдаушыларға эксперт-аудиторлардың сертификатты/куәлікті табыс етеді. РМК «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» сенімді серіктестікт3 пен сіздің талаптарынызға сайқыту бағдарламасын ұсынуға дайын.

Кәсіптік деңгейлерінізді жоғарлатуға шақырамыз!