Жабу
Логин:
Пароль:
Тіркелу
  Кіру
 Интернет-дүкен   |     Нашар көретіндерге арналған нұсқа   |    English   |    Русский   |    Қазақша  




КӘРІБЖАНОВ ҚАЙРАТ СӘЛІМҰЛЫ

КӘРІБЖАНОВ ҚАЙРАТ СӘЛІМҰЛЫ

Омбы ауыл шаруашылығы институтын (инженер-механик), Алматы политология және басқару институтын (политолог) аяқтады. Экономика ғылымдарының кандидаты

Еңбек жолын өндірісте бастады, автокөлік кәсіпорнында директор болды.

Партия жұмысына қатысу тәжірибесі бар.

10 жылдан астам Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінде жұмыс істеді. Лицензиялау, салық саясаты және құрылымдық реформалар бөлімі бастығынан Көлік және коммуникациялар бірінші вице-министрі лауазымына дейін еңбек жолынан өтті.

«Қазақтелеком» ұлттық компаниясын, Қазақстан Республикасының Көлік инспекциясын және Техникалық хатшылықты басқарды.

«Қазақпараттелеком», «Агроцентр-Астана» АҚ жеке компанияларын басқарып 6 жыл бойына кәсіпкерлік қызметпен айналысты.

Мынадай мемлекеттік сыйлықтар иесі:

«Құрмет» ордені

«Алтын барс» және Елбасы Н.Назарбаевтан алғыс

«Құрметті байланысшы» кеуде белгісі

«Құрметті автокөлікші» кеуде белгісі


Кайту