Нашар көретіндерге арналған нұсқа   |    English   |    Русский   |    Қазақша  


03.07.2015

Павлодар қаласында «ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің Павлодар облысы бойынша Департаменті» қатысуымен техникалық реттеу сұрақтары бойынша Аймақтық штабының кеңейтілген отырысы өтті

2015 жылдың 03 шілде айында «Кәсіпорындарда сапа менеджмент жүйесін ендіру» тақырыбы бойынша аймақтық оқыту семинары өтті.

Ұйымдастырушылар:

- Қазақстан Республикасының Инвестиция және даму министрігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті;

- «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК.

Семинар мақсаты:

Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға Мемлекеттік индустриялық инновациялық даму бағдарламасын іске асыру бойынша Жоспар шараларын, Техникалық реттеу және метрология жүйелерін 2020 ж. дейін жақсарту бойынша Кешенді жоспарын, Қазақстан Республикасының индустрия және жаңа технологиялар Министрлігінің 2014-2018 жылдардағы Стратегиялық Жоспарын асыру.

Оқыту семинаында сапа менеджмент бойынша жаңа халықаралық стандарттар бойынша актуалды тақырыптар қарастырылды. Аймақтық оқыту семинар барысында келесі халықаралық стандарттар қарастырылды:

ISO 9001:2015 (ISODIS - 2014) Сапа менеджмент жүйесі. Талаптар

ISO 10002-2014 Сапа менеджменті. Тұтынушы қанағаттандырлығы. Мекемелерде шағым бойынша жұмыс жасаудың басшылық нұсқаулары.

ISO 22313:2012 Әлеуметтік қауіпсіздік. Бизнес тұрақтылығының менеджмент жүйесі. Нұсқаулар.

Исина Р.А. дәріс оқытушысы - «ҚазСтИн» РМК Павлодар филиалының жетекші маманы, сапа менеджмент жүйесінің сәйкестігін растау бойынша сарапшы-аудитор, энергетикалық менеджмент бойынша сарапшы-аудитор, Европалық Сапа Ұйымының сапа бойынша менеджері жоғары кәсіби дәрежеде менеджмент жүйесі бойынша халықаралық стандарттардың негізгі мазмұның ашып берді.

Павлодар облысының кәсіпорындары мен ұйымдарының басшылар мен мамандары үшін отандық кәсіпорындарда сапа менеджмент жүйесін ендіру бойынша оқыту семинарын өткізу, жоғары дәрежелі сарапшы-аудиторлардан ақпарат алу отандық өндірушілердің бәсекелестік артықшылықтарына жетелейді, ішкі және сыртқы нарықта әкімшілік кедергілрдің кемуіне, сонымен қатар мемлекеттік мекемелерде, ірі, орта және кіші кәсіпорындарында сапа менеджмент жүйесін ендірген және сертификаттаған мекеме санының арттуы мен істегі сапа менеджментінің тиімділігінің артуына әкеп соғады (фотосурет тіркелуде).

Семинар қатысушыларына үлестірме материал және семинар қорытындысы бойынша сертификаттар табысталды. 


Кайту