Жабу
Логин:
Пароль:
Тіркелу
  Кіру
 Нашар көретіндерге арналған нұсқа   |    English   |    Русский   |    Қазақша  


 


03.07.2015

Қызылорда облысынын кәсіпорындарына сапа менеджментің ендіру бойынша Аймактық (салалық) семинары

Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК (ары қарай – РМК «ҚазСтИн») Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылдың 10 маусым айындағы № 635 қаулысымен бекітілген 2020 жылға дейінгі Техникалық реттеу және метрология жүйесін жетілдіру бойынша кешендік жоспардың 23 тармағын жүзеге асыру аясында 2015 жылға кәсіпорындарға сапа менеджментін ендіру бойынша аймақтық (салалық) семинарларды өткізу жоспарланған.

Семинардың тыңдаушыларға өткізілуінің мақсаты сапа бойынша мамандар, басқарманың жоғары және орта буындарының менеджерлері, құрылымдық бөлімшелердің жетекшілері, тыңдаушылар болып табылады.

Аймақтық (салалық) семинарлардың өткізілу мақсаты – Бірыңғай экономикалық кеңістік аумағында нақты және қалыптасқан қазақстандық бизнес орталықтың өз орнын табуына мүмкіндік беретін, халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес отандық кәсіпорындарға сапа менеджментін ендірудің және сертификаттаудың санын арттыру.

Семинарда кәсіпорындарға келесідегідей халықаралық стандарттар бойынша сапа менеджментін ендіру талқыланады:

- ISO 9001:2015 (ISO DIS-2014) «Сапа менеджмент жүйесі. Талаптар».

· Заманауи және жойылған жаңалықтардың қатары;

· Заманауи сапа менеджмент жүйесіне талаптар;

· Стандарттың жаңа нұсқасына өтуі;

· Бағдарланған қауіп-қатерді қолдану тәсілі.

- ISO 10002-2014 «Сапа менеджменті. Тұтынушылардың қанағаттанушылығы. Ұйымдардағы талап арыздармен жұмыс жасау бойынша басшылық нұсқауы»;

· Тұтынушылардың қанағаттанушылығын арттыру;

· Процестік тәсіл тұрғысынан талап арыздармен жұмыс жасауды ұйымдастыру;

· Тұтынушылардың ойының дұрыстығын арттыру мақсатында талап арыздармен жұмыс жүргізуді ұйымдастыру кезінде тұтынушылармен кері байланысты тиімді тұрғызу.

- ISO 22313:2012 «Әлеуметтік қауіпсіздік. Бизнестің тұрақтылығы менеджментінің жүйесі. Басшылық»;

· Бизнестің тұрақтылығы менеджменті жүйесінің құжаттамасын халықаралық тәжірибеге сүйене отырып енгізу;

· Ұсынылып отырған стандарттармен алдағы болатын оқиғалардың алдын алуды ұйымдастыру мүмкіндігін беру;

· Ұйымдарға бизнесті үздіксіз басқару жүйесін құруды ұйымдастыру.

Аталған материалдарды оқып үйрену отандық кәсіпорындардың нарықтағы бәсекелестігін арттыруға жетуге, ішкі және сыртқы нарықтардағы әкімшілік кедергілерді төмендетуге, сонымен қатар сапа менеджментін ендірген және сертификатталынған мемлекеттік органдардың, ірі, орта және кіші бизнестегі кәсіпорындардың санын арттыруға, қолданыстағы сапа менеджментінің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. 


Кайту