Жабу
Логин:
Пароль:
Тіркелу
  Кіру
 Нашар көретіндерге арналған нұсқа   |    English   |    Русский   |    Қазақша  


 


21.07.2015

Шығыс Қазақстан облысында «Өнімді каталогизациялау жүйесінің іс-әрекетін қамтамасыз ету» тақырыбына бюджеттік негіздегі өңірлік семинар өткізілді

2015 жылдың 21 шілдесінде Шығыс Қазақстан облысында «Өнімді каталогизациялау жүйесінің іс-әрекетін қамтамасыз ету» тақырыбына бюджеттік негіздегі өңірлік семинар өткізілді. Іс-шараның ұйымдастырушылары «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК-ның ШҚ филиалы және «Метрология және техникалық реттеу Комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Департаменті» РММ болды.

Семинар техникалық реттеу және метрология жүйесін 2020 жылға дейінгі жетілдіру бойынша Кешендік жоспардың 54 тармағын іске асыру мақсатында өткізілді.

Семинарға өндірістік кәсіпорындардың 30-дан аса өкілдері қатысты: «KondiZ» ЖШС, «Лик ЗПКИ» ЖШС, «Тамила плюс» ЖШС, «Арника» ЖШС, «Багратион Улан» ЖШС, «Морозов С.А.», «Востокмашзавод» ЖШС, «Экосервис-С» ЖШС, «Ажигалиева» ЖК, «Жаст» ЖК, «Ауттинов А.» ЖК және басқалар, соның ішінде экспортқа бағытталғандары: «КазСпецРНП» АҚ, «Азия Авто» АҚ, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері.

Семинар барысында каталогизациялау бойынша ұлттық стандарттар ережелерін талқыланды, «KondiZ» ЖШС, «Тамила плюс» ЖШС, «Арника» ЖШС, «Багратион Улан» ЖШС, «Морозов С.А.» ЖК, «Агенство абсолют» ЖШС, «Жумажанова К.Т.» ЖК, «Изнавр» ЖШС, «Саян» ШҚ, «TAB Company» ЖШС, «Танба» ЖШС, «Дизайн студия «Олжа» ЖШС, «Востокмашзавод» ЖШС, «Экосервис-С», «КазСпецРНП» АҚ, «Азия Авто» АҚ мамандары белсене қатысты.

Семинар лекторы – Тоғанасова Д.Н. «ҚазСтИн» РМК Ақпаратттық орталықтың ӨКП және филиалдармен жұмыс істеу бөлімінің басшысы қатысушыларды ҚР «Техникалық реттеу туралы» басты ережелерімен, ҚР өнімді каталогтау жүйесімен таныстырды. «ҚазСтИн» РМК ШҚ филиал директорының м.а. Байшокина А.С. каталогтау бойынша нормативтік базасымен, ҚР өнімді каталогтау жүйесінің әрекет етуінің тәртібімен және Стандарттау бойынша кеңестің мүшелерінің қатысушыларымен таныстырды.

Семинардың тәжірибелік бөлімінде қатысшуларға толтыру үшін каталог парағының формасы таратылды, Өнімді каталогтау жүйесін жүргізу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Семинар қатысушылары өткізілген іс-шара бойынша өздерінінң қанағаттандырылғанын мәлімдеді.

Осындай семинарларды өткізу тәжірибелері өңірдің өндіруші – кәсіпорындарын өздерінің өнімдері мен өндірушілері туралы ақпаратты беріп, өнімнің каталог парақтарын толтыруға ынталандырады. Олардың болуы шығарылған өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, маркетингтік зерттеулер жүргізіп, өткізу нарығын анықтауға мүмкіндік береді.

Бүгінгі күні МТРК сайтында 2510 ӨКП тіркелген, Шығыс қазақстан облысы бойынша 197.

Семинар соңында тыңдаушыларға оқу бағдарламасын сәтті меңгергені туралы сертификаттар берілді.


Кайту