Жабу
Логин:
Пароль:
Тіркелу
  Кіру
 Нашар көретіндерге арналған нұсқа   |    English   |    Русский   |    Қазақша  


 


24.07.2015

Солтүстік Қазақстан облысында «Өнімді каталогизациялау жүйесінің іс-әрекетін қамтамасыз ету» тақырыбына бюджеттік негіздегі бес мекендеріне өңірлік семинар өткізілді

2015 жылдың 24шілдесінде Солтүстік Қазақстан  облысында «Өнімді каталогизациялау жүйесінің іс-әрекетін қамтамасыз ету» тақырыбына бюджеттік негіздегі  (Қарағанды, Қостанай, Көкшетау, Петропавл және Астана қ.)  бес  мекендеріне өңірлік семинар өткізілді. Іс-шараның ұйымдастырушылары «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК-ның СҚО  филиалы және «Метрология және техникалық реттеу Комитетінің Солтүстік Қазақстан  бойынша Департаменті» РММ болды.

Семинар техникалық реттеу және метрология жүйесін 2020 жылға дейінгі жетілдіру бойынша Кешендік жоспардың 54 тармағын іске асыру мақсатында өткізілді.

Семинарға өндірістік кәсіпорындардың 30-дан аса өкілдері қатысты: ТОО Молпродукт, ТОО Петропавловский хлебобулочный комбинат, ЖШС  Сладкий Дом,  ЖШС Атай СК, ЖШС БНВинзавод Петропавловск, ЖШС Молочный Союз, ЖШС Сладкая сказка, ЖШС Фирма Алекри, РМК СҚФ  Енбек Кызылжар, ЖШССБИ  Агро, ЖК Сутулов, ЖШС ПЗСМ және басқалар, соның ішінде экспортқа бағытталғандары ҚР Индустриализация Картасына кіретіндер: ЖШС КЭСС, ЖШС ДЭЗ, АҚ Султан ЭММК, АҚ Султан кондитерские изделия, ЖШС Изолит, АҚЗавод С.М.Кирова, ЖШС Казтехмаш, ЖШС Фирма Универсал, АҚ ПЗТМжәне бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері.


Семинар барысында каталогизациялау бойынша ұлттық стандарттар ережелерін талқыландыЖШС БНВинзавод Петропавловск, ЖШС Молочный Союз, ЖШССладкая сказка,   ЖШС ПЗСМ  АҚ Султан ЭММК, АҚ Султан кондитерские изделия, ЖШС Изолит, АҚ Завод С.М.Кирова,   АҚ ПЗТМ мамандары белсене қатысты.

            Семинар лекторы – Тоғанасова Д.Н. «ҚазСтИн» РМК Ақпаратттық орталықтың ӨКП және филиалдармен жұмыс істеу бөлімінің басшысы қатысушыларды ҚР «Техникалық реттеу туралы» басты ережелерімен, ҚР өнімді каталогтау жүйесімен таныстырды. «ҚазСтИн» РМК СҚО филиал директоры    Кенжетаева Л.Д. каталогтау бойынша нормативтік базасымен, ҚР өнімді каталогтау жүйесінің әрекет етуінің тәртібімен және Стандарттау бойынша кеңестің мүшелерінің қатысушыларымен таныстырды.  Өнімді каталогтау жүйесін жүргізу бойынша Қаирова А.Б.  «ҚазСтИн» РМК СТК/СФШ Ақпараттық орталықтың     және филиалдармен жұмыс істеу бөлімінің    маманы  айтып берді.

            Семинардың тәжірибелік бөлімінде қатысшуларға толтыру үшін каталог парағының формасы таратылды, Өнімді каталогтау жүйесін жүргізу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

           Семинар қатысушылары өткізілген іс-шара бойынша өздерінінң қанағаттандырылғанын мәлімдеді.

            Осындай семинарларды өткізу тәжірибелері өңірдің өндіруші – кәсіпорындарын өздерінің өнімдері мен өндірушілері туралы ақпаратты беріп, өнімнің каталог парақтарын толтыруға ынталандырады. Олардың болуы шығарылған өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, маркетингтік зерттеулер жүргізіп, өткізу нарығын анықтауға мүмкіндік береді.

           Бүгінгі күні МТРК сайтында 2510 ӨКП тіркелген, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша 296.Семинар соңында тыңдаушыларға оқу бағдарламасын сәтті меңгергені туралы сертификаттар берілді.


Кайту