Нашар көретіндерге арналған нұсқа   |    English   |    Русский   |    Қазақша  


28.07.2015

«ҚазСтИн» Оңтүстік филиалы және «ҚазМетрИн» ОҚФ өндірістік кәсіпорындарды аралады

«Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 01.08.2014ж. №874 Жарлығы бойынша   іс-шараларды  жүзеге асыру мақсатымен және техникалық регламенттерді, стандарттарды ендіру бойынша, соның ішінде  Алматы қаласының кәсіпорындары мен мекемелерінде 2015 жылға арналған менеджмент жүйелері мен стандарттардың Аймақтық жоспары бойынша,  2015 жылдың 17 шілдесінде «ҚазСтИн» Оңтүстік филиалы және «ҚазМетрИн» ОҚФ  «Нобел АФФ» АҚ, «КМК construction» ЖШС, «Алматы ашытқы зауыты» АҚ және «BIRUNIFARM» ЖШС кәсіпорындарын аралады.
Өндірістік кәсіпорындар өндіріспен жақын танысу мақсатында және сол жерде кәсіпкерлердің мәселелі сұрақтарын шешу үшін, сонымен бірге техникалық реттеу және метрология саласында екі жақтың ары қарайғы өзара әрекет етуіне, әдістемелік және кеңестік көмек беру үшін араланды.
Аралау барысында техникалық реттеу және метрология саласында жүзеге асырылып жатқан жұмыстар туралы ақпараттар берілді, соның ішінде мемлекеттік стандарттау бойынша атқарылған жұмыстар, өнімді каталогтау жүйесі бойынша, техникалық реттеу саласында кадрлардың біліктіліктерін арттыру, дайындау және менеджмент жүйесі мен сәйкестікті растау бойынша сарапшы-аудиторларды дайындау, сонымен бірге техникалық құжаттардың нормативті Бірыңғай Қорының жұмысы туралы ақпараттар берілді.
Әр жоба бойынша оларды нормативті және зертханалық базалармен қамтамасыз ету мәселелері қарастырылды, өндірілетін өнімге арналған техникалық регламенттермен бекітілген жеке талаптар, соның ішінде өнім таңбасына қойылатын талаптар түсіндірілді. Өнім сапасының сәйкестігінің сұлбалары талқыланды, сонымен бірге кәсіпорындарда метрологиялық қызметтермен қамтамасыз ету нұсқаулары берілді және кәсіпкерлікті қолдауға және оның дамуына арналған сапа менеджментін енгізу туралы айтылды.

 

Жеке алып қарағанда «КМК construction» ЖШС мамандарына «Төмен вольтты құрылғылардың қауіпсіздігі туралы» КО ТР 004/2011, «Техникалық құралдардың электромагнитті үйлесімділігі»  КО ТР 020/2011  таныстырылды, КО ТР қауіпсіздік талаптары бөлімі бойынша, таңбалау, сәйкестікті растау туралы түсініктемелер берілді. «Нобел АФФ» АҚ және «BIRUNIFARM» ЖШС мамандарына метрологиялық қамтамасыз ету сұрақтары, салыстырып өлшеу және өлшеу құралдарын калибрлеуге қойылатын  талаптар түсіндірілді. «Алматы ашытқы зауыты» АҚ мамандары  «Тағам өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» КО ТР 021/2011, «Тағам өнімдері оларды таңбалау бөлігінде» КО ТР 022/2011 және «Буып-түю қауіпсіздігі»   КО ТР 005/2011 талаптарымен таныстырылды.

          Сонымен қатар Кеден одағы шеңберінде бірыңғай құжаттарды беру бойынша міндетті бағалауға (растауға) жататын өнімді Бірыңғай тізімдеу туралы, мемлекеттік стандарттау жобаларын әзірлеу ережелері, алдын-ала үкіметтік емес стандарттар, алдын-ала ұлттық стандарттар, ЕЭК сайттары, техникалық реттеу және метрология Комитеті және «ҚазСтИн» РМК, «Өлшем бірліктерімен қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасының  Заңына өзгерістер енгізу туралы ақпараттар ұсынылды.

            Қоса алғанда, өндірістің басынан бастап дайын өнімді шығарғанға дейінгі  барлық технологиялық тізбекті бақылауға болатын және жаңа құралдар түрімен танысу үшін  өндірістік цехтер мен зертханалық кәсіпорындар араланды.

Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі компаниялармен бәсекеге қабілетті тауар шығаруымен және қызмет көрсетуіге қабілеттілігімен анықталады  және сапаға бағытталған өз қызметін үздіксіз жетілдіру. Жүйелік менеджмент пен үздіксіз жетілу негізгі бәсекеге қабілеттілік  – сапа және өндірімділікке жетуге септігін тигізеді.

Кайту