Жабу
Логин:
Пароль:
Тіркелу
  Кіру
 Нашар көретіндерге арналған нұсқа   |    English   |    Русский   |    Қазақша  


 


28.07.2015

Оңтүстік Қазақстан облысында «Өнімді каталогизациялау жүйесінің іс-әрекетін қамтамасыз ету» тақырыбына өңірлік семинар өткізілді

2015 жылдың 28 шілдесінде Оңтүстік Қазақстан облысында «Өнімді каталогизациялау жүйесінің іс-әрекетін қамтамасыз ету» тақырыбына бюджеттік негіздегі өңірлік семинар өткізілді. Іс-шараның ұйымдастырушылары «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК-ның ОҚ филиалы және «Метрология және техникалық реттеу Комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Департаменті» РММ болды.

Семинар техникалық реттеу және метрология жүйесін 2020 жылға дейінгі жетілдіру бойынша Кешендік жоспардың 54 тармағын іске асыру мақсатында өткізілді.

Семинарға өндірістік кәсіпорындардың 30-дан аса өкілдері қатысты: «ЭкоФарм» ЖШС, «ЕвроХим-Удобрения» ЖШС, «Амангельдинский ГПЗ» ТФ ЖШС, «Стандарт Цемент» ЖШС, «ПКОП» ЖШС, «Sigma Brau» ЖШС, «JFM company» ЖШС, «Балмуздак» ЖШС, Эталон Шымкент зауыты ЖШС, Кондитерлік Фабрика "ПИОНЕР ", «Шымпласт» ЖШС, Шымкент УПП КОС, «Байтерек Шымкент» ЖШС, «Хлопкопромцеллюлоза» ЖШС, «Корпорация Береке А» ЖШС, ОҚФ АҚ НаЦЭкС, «Grain House» ЖШС, «Коркем Дос» ЖШС, «БЕКЗАТ-БАҚ» ЖШС, «Эко Фарм Интернейшнл» ЖШС, «Казмедприбор» ЖШС, «Газ Пром Нефть Битум Казахстан» ЖШС бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері.

Семинар лекторы – Сәукенов Е.С. «ҚазСтИн» РМК СТК және СФС бойынша Ақпаратттық орталықтың басшысы қатысушыларды ҚР «Техникалық реттеу туралы» басты ережелерімен, ҚР өнімді каталогтау жүйесімен таныстырды. «ҚазСтИн» РМК ОҚО филиал маманы Мәлік Г.Ж. каталогтау бойынша нормативтік базасымен, ҚР өнімді каталогтау жүйесінің әрекет етуінің тәртібімен және Стандарттау бойынша кеңестің мүшелерінің қатысушыларымен таныстырды.  Өнімді каталогтау жүйесін жүргізу бойынша Қаирова А.Б.  «ҚазСтИн» РМК СТК/СФШ Ақпараттық орталықтың     және филиалдармен жұмыс істеу бөлімінің    маманы  айтып берді.

 Семинардың тәжірибелік бөлімінде қатысшуларға толтыру үшін каталог парағының формасы таратылды, Өнімді каталогтау жүйесін жүргізу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

            Семинар қатысушылары өткізілген іс-шара бойынша өздерінінң қанағаттандырылғанын мәлімдеді.

            Осындай семинарларды өткізу тәжірибелері өңірдің өндіруші – кәсіпорындарын өздерінің өнімдері мен өндірушілері туралы ақпаратты беріп, өнімнің каталог парақтарын толтыруға  ынталандырады. Олардың болуы шығарылған өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, маркетингтік зерттеулер жүргізіп, өткізу нарығын анықтауға мүмкіндік береді.

Бүгінгі күні МТРК сайтында 2608 ӨКП тіркелген, Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша 260.

Семинар соңында тыңдаушыларға оқу бағдарламасын сәтті меңгергені туралы сертификаттар берілді.


Кайту