Жабу
Логин:
Пароль:
Тіркелу
  Кіру
 Нашар көретіндерге арналған нұсқа   |    English   |    Русский   |    Қазақша  


 


30.07.2015

«Қазақстан стандарттау және сертификаттау» РМК қызметкерлері ақпаратпен алмасу және мәлімет беру мақсатында «Концерн «Цесна-Астық» ЖШС-не барды

2015 жылдың 29 шілде айында Қазақстан Республикасы Президентінің 01.08.2015ж № 874  Жарлығымен бекітілген 2015-2019 жылдарға ҚР Индустриалды-инновациялық мемлекеттік бағдарламасының және 2015 жылға Астана қаласы кәсіпорындары мен ұйымдарына техникалық регламенттерді, стандарттарды, сонымен қатар сапа менеджментін ендіру бойынша аймақтық жоспардың іс-шараларын жүзеге асыру мақсатында «Қазақстан стандарттау және сертификаттау» РМК қызметкерлері ақпаратпен алмасу және мәлімет беру мақсатында «Концерн «Цесна-Астық» ЖШС-не барды.

Кәсіпорынмен ары қарай өзара байланыста болу мақсатында техникалық реттеу, сонымен қатар стандарттау мәселелеріне қатысты әдістемелік, тәжірибелік және консультациялық көмек көрсету бойынша  семинар түрінде өткізілді. Белсенді қатысушылардың қатарында: бас технолог – Н.Серікбол, (макарон фабрикасы және ұн тарту зертханасы) ӨТЗ меңгерушісі - Ф. Гизатуллина, Б. Дюсембаева, сапа бөлімінің қызметкерлері - А. Забикулина, Ж. Жаманбаева болды.

Кәсіпорынға семинар өткізу кезінде СТК/СФС және НТҚ бірыңғай мемлекеттік фонд бойынша ақпараттық орталығы директорының орынбасары Г.А. Лесбекова техникалық реттеу саласындағы, елдегі заңдар және стандарттардың атқаратын рөлі, сонымен қатар мемлекеттік стандарттау, ДСҰ Хатшылығымен өзара байланысты Ақпараттық орталықтың жұмысы туралы, өнімді каталогтау жүйесі, техникалық реттеу саласында қызметкерлердің біліктілігін арттыру мен сәйкестікті растау, сапа менеджмент бойынша сарапшы-аудиторларды дайындау, сонымен бірге Нормативтік техникалық құжаттардың бірыңғай фонды жұмыстары бойынша мәліметтерді жеткізді, өнімді өндіріске қою кезінде НТҚ фондың талдау және жүйелендіру бойынша жұмыстарды өткізуді ұсынды.

Техникалық нормалау басқармасының бастығы Е.А.Кулешова мемлекеттік стандарттауды қалыптастыру, елдің экономикасындағы стандарттаудың, ұлттық, алдын-ала және үкіметтік емес стандарттарды әзірлеу мен қолданудың рөлі, сонымен қатар кәсіпорындардағы стандарттау қызметінің рөлі туралы түсініктемелерді ұсынды. «ҚазСтИн» РМК қызметкерлері Д.М.Какенов және Н.Б.Исатаева НТҚ Бірыңғай фонды және Институттың интернет ресурстарының қызметі, мамандарды даярлау және біліктілігін арттыру бойынша курстар қатысты материалдар мен ақпараттарды ұсынды, семинардың тақырыбын толығымен ашып көрсетті.

Семинар өткізу кезінде ұсынылған материалдар мен ақпараттарды талқылау бойынша пікір алмасу өткізілді, пікір алмасу кезінде стандарттарды әзірлеу мәселелеріне қатысты ынтымақтастық таныту, осы сала бойынша НТҚ базасын қалыптастыру мен фондты өзектендіру және оқыту семинарын/курсын өткізу туралы ұсыныстар енгізілді.

Кездесуге қатысушылар өткізілген іс-шаралар бойынша қанағаттанушылық танытты.

Осындай кездесулерді өткізу кәсіпорындарда қолданыстағы заңдық актілердің және нормативтік техникалық құжаттардың талаптарының орындалуы, кәсіпорындардың дайындығын орнату бойынша ынталандырылады. 


Кайту