Жабу
Логин:
Пароль:
Тіркелу
  Кіру
 Интернет-дүкен   |     Нашар көретіндерге арналған нұсқа   |    English   |    Русский   |    Қазақша  



25.02.2016

Стандарттау саласындағы мемлекеттік-жеке меншік серіктестігін дамыту үшін жағдайлар жасау


А.ж. 23-25 ақпан аралығында Бішкек қ. «Орталық Азияда өңірлік саудаға жәрдемдесу» GIZ бағдарламасының шеңберінде үздік тәжірибе және халықаралық талаптарға сәйкес техникалық реттеу және стандарттау бойынша рәсімдер, мемлекеттік және жеке-меншік арасында сұхбат бойынша өңірлік семинар өткізілді.

Семинарға Орталық Азиядағы елдерінің стандарттау бойынша ұлттық органдардан, қоғамдық ұйымдардан және стандарттау бойынша техникалық комитеттерінің өкілдері қатысты. Қазақстан делегациясына «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК, сонымен бірге «Атамекен» Қазақстан Ұлттық кәсіпкерлер палатасынан, «Машина жасау, металлургия және құрылыс саласындағы өнімдер мен қызмет көрсету бойынша сертификаттау» № 53 Стандарттау бойынша техникалық комитетінің және «Ыдыс пен тоғанақ» № 93 Стандарттау бойынша техникалық комитетінің өкілдері құрамына кірді.

Осы семинардың фасилитатор ретінде Орталық Азиядағы елдерінде GIZ ұлттық үйлестірушілермен бірлесіп Неміс стандарттау институтынан (DIN) халықаралық сарапшылар - Сиглинда Кайзер, Алекс Инклаар және Франк Шмидт болды.

Семинар шеңберінде қатысушылар үкімет пен стандарттау арасында стратегияны және саясатты құру бойынша Германияның тәжірибесімен, стандарттау бойынша ұлттық органның, стандарттарды әзірлеу және қабылдау рәсімінде стандарттау бойынша техникалық комитеттері мен өнеркәсіптегі техникалық сарапшылардың орны және ролімен, макро- және микроэкономикалық деңгейде стандарттаудан пайдалармен және т.б. танысты. Өз кезегінде, сарапшылар Орталық Азиядағы елдеріне сапар барысында танысқан стандарттау саласындағы жағдай туралы түсініктермен бөлісті және стандарттау бойынша техникалық комитеттермен жұмыс істеу және стандарттарды әзірлеу рәсімдерді жетілдіру, мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті жетілдіру бойынша тиісті ұсыныстар берді.

Қатысушыларға өз елдерінде мемлекет пен бизнес-қауымдастық арасында диалог құру тәжіриібесімен бөлісу, сонымен бірге стандарттау саласындағы мемлекеттік-жеке меншік әріптестік шеңберінде рәсімдерді және диалог дамыту бойынша ұлттық жол карталарын жасау үшін ұсыныстарды әзірлеуге қатысу мүмкіндігі берілді. Осы ұлттық жол карталардың негізінде халықаралық сарапшылар болашақта мемлекеттік-жеке меншік серіктестікті дамыту бойынша, соның ішінде әр мемлекет бөлінісінде, өңірлік жол картасын әзірлейтін болады.


Кайту