Жабу
Логин:
Пароль:
Тіркелу
  Кіру
 Интернет-дүкен   |     Нашар көретіндерге арналған нұсқа   |    English   |    Русский   |    Қазақша  



26.02.2016

Смарт сити сәулеті бойынша консенсус процесін даму үшін ҰСТИ (NIST) жанындағы Халықаралық Жұмыс тобын құру

Смарт сити сәулеті бойынша консенсус процесін даму үшін ҰСТИ (NIST) жанындағы Халықаралық Жұмыс тобын құру

АҚШ Коммерция департаментінің Ұлттық стандарттар және технологиялар институты (NIST/ҰСТИ) әріптестермен бірлесіп Смарт сити технологиялары бойынша бойынша сөздікті және жалпы сәулет қағидаттарын анықтайтын ақпараттық үкіметтік құжатын әзірлеу үшін жаңа Халықаралық техникалық жұмыс тобын құрды. Мүдделі қалалық тараптармен бірлесіп, бұл топ жасалынатын сәулет іс-әрекеттерінің салыстырмалы талдауымен және стандарттарды әзірлейтін ұйымдарында халықаралық деңгейде стандарттау саласында іс-әрекеттердің өзара байланысты қамтамасыз ету үшін пайдалана алатын жиектемелі құжатты әзірлеуімен айналысатын болады. Осы бастаманың халықаралық әріптестер ретінде Американдық Ұлттық стандарттар институты (ANSI), Телекоммуникациялық стандарттардың Еуропалық институты (ETSI), Корея Республикасының Ғылым министрлігінің келешектегі жоспарлау және АКТ департаменті (MSIP), АҚШ Жасыл кеңесі (USGBC), Тұрақты экономикалық даму және энергия, жаңа технологиялар бойынша Итальяндық Ұлттық агенттігі (ENEA) және тағы басқалар.

Осы жоба бойынша барлық тілек білдірушілер қатыса алатын семинарлар өткізу жоспарланып отыр. Семинарларды жобаға старт беру мақсатымен ҰСТИ «Ұжымдық ғаламдық қала сын-тегеуріндері» жобасымен бірлесіп 2016 жылғы 24-25 наурызда Гейтерсберг қ. (Мэриленд, АҚШ) және ENEA (Итальяндық Ұлттық жаңа технологиялар агенттігі) өткізетін 2016 жылғы 14-15 сәуірде Рим қ. (Италия) өткізу жоспарлануда. Екі семинар әртүрлі географиялық өңірлердегі сарапшылардың егжей-тегжейлі ұсыныстармен ұқсас түрінде жүргізіледі. НИСТ жобаға қатысты толық ақпараты бар және семинарлар туралы (https://pages.nist.gov/smartcitiesarchitecture/events/kickoffworkshops/) ақпараты бар бірлескен сайтын (https://pages.nist.gov/smartcitiesarchitecture/) жасады. Осымен бірге, сайтта барлық тілек білдіруші мүдделі тараптарға өзекті ақпаратты алуға және осы жобаның дамытуын талқылау үшін мүмкіндік бар.

Крис Гир, Ақылды жүйелері мен кибер-физикалық жүйелері ҰСТИ бағдарламасының жетекшісі түсіндірді: «Нақты ауқымдары анықталмаған немесе өзара байланыста болмаған және өзіне тән дербес өзгешеліктері бар АКТ-ды қолдану, сонымен бірге сәулет жобаларда конвергенттіктің және жүйелеу мен жіктеуде бірыңғай тілдің жетіспеушілігі осы уақытта ақылды қалалардың құру үшін кедергі болып табылады. Біз заманауи қоғамға сай қажеттіліктерге сәйкес келетін Смарт сити саласында шешімдерді қамтамасыз ету үшін күштерді үйлестіру және ынтымақтастық үшін стандарттау саласында іс-әрекеттердің толық спектрін қамтамасыз еткіміз келеді».


Кайту