Жабу
Логин:
Пароль:
Тіркелу
  Кіру
 Интернет-дүкен   |     Нашар көретіндерге арналған нұсқа   |    English   |    Русский   |    Қазақша  



26.04.2019

Өлшеу белгісіздігі және ол қалай есептеледі?

23-25 сәуірде Петропавл қаласында салыстырып тексеру/калибірлеу және сынау зертханаларын өлшеу белгісіздігін бағалау туралы үш күндік семинар өтті.

Белгісіздіктің қалай есептелетіні туралы Солтүстік Қазақстан ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының, «Қазгидромет» РМК СҚО филиалының, «Су ғылыми-технологиялық орталығының» ЖШС зертханалары, «Зерно Агро Эксперт» ЖШС, «Мұнай Экспертиза» ЖШС зертханалары мамандары білді.

Белгісіздік ұғымы және оны зертханалық тәжірибеде қолдануын, Еуро-Азиялық ынтымақтастығының Мемлекеттік метрология институттарының құрметті метрологы (КООМЕТ) Вера Донбаева түсіндірді.

Зертхана мамандарын тестілеу нәтижелерін және зертханалық жұмыстарды үздіксіз жетілдіру үшін алынатын есептеулерді дұрыс қолдануға үйрету; салыстырып тексеру, калибірлеу және сынау зертханалары үшін өлшеудің белгісіздігін бағалауда, стандарттардың негізгі ережелері мен техникалық талаптарын ескере отырып, есептеулерді жүргізу кезінде анықталған жалпы талаптар мен ұсыныстарды сақтау - семинардың негізгі мақсаттары болды.

Семинар барысында қатысушылар белгісіздікті бағалау үлгілері бар тәжірибелік жаттығулар жасады, стандартты белгісіздік қалай есептелетінін, белгісіздік коэффициенті мен белгісіздіктің үлесін қалай есептеу керек екенін үйренді.

Қатысушылар өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінде алынған білімдері үшін алғыстарын білдірді.


Кайту