Жабу
Логин:
Пароль:
Тіркелу
  Кіру
 Интернет-дүкен   |     Нашар көретіндерге арналған нұсқа   |    English   |    Русский   |    Қазақша  



20.05.2019

Атырау облысында мұнай-газ және мұнай өңдеу кәсіпорындарының өкілдеріне арналған семинар өтті.

Атырау облысында мұнай-газ және мұнай өңдеу кәсіпорындарының өкілдеріне арналған семинар өтті.

2019 жылдың 15-17 мамыр аралығында Атырау қаласында техникалық реттеу саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыру және даярлау бойынша эксперт-аудиторларды, ТС/ЕАЭО техникалық регламенттерді әзірлеушілерді және кәсіпорындардың жетекші мамандарын жұмылдыруымен семинар болып өтті.
Семинар ұйымдастырушысы – Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты.
Халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес техникалық реттеу, метрология және менеджмент жүйесі саласында кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында облысымыздың әртүрлі кәсіби деңгейдегі 90-нан астам кәсіпорындарының өкілдері қатысты.
Семинардың 3 күні ішінде тыңдаушылар ҚР-ның «Стандарттау туралы» Заңының мақсаттары мен талаптарын және ондағы өзгертулерді негізге ала отырып, Республикамыздың стандарттау жүйесімен танысты. Сонымен қатар, Еуразиялық Экономикалық Одақтастығының стандарттау жүйесі туралы ақпарат берілді. Қатысушылар ТР ЕАЭО талаптарына сәйкестікті бағалаудың үлгілік сұлбаларын қарастырды, менеджмент жүйесін сетификаттау саласындағы жаңа тәсілдерді және ТР ЕАЭО техникалық регламентінің қолданылуын біліп, игерді. Химиялық өнімдердің қауіпсіздігіне қойылатын техникалық регламенттердің талаптары егжей-тегжейлі қарастырылды және отын ретінде қолданылатын сұйылтылған көмірсутек газына қойылатын талаптар зерделенді.
Семинар соңында қатысушылар өздерінің сауалдарына толықтай жауап ала отырып ұйымдастырылып отырған іс-шараның ақпараттылығының жоғары деңгейде өткендігін атап өтті



Кайту