Жабу
Логин:
Пароль:
Тіркелу
  Кіру
 Интернет-дүкен   |     Нашар көретіндерге арналған нұсқа   |    English   |    Русский   |    Қазақша  



23.05.2019

Батыс Қазақстан облысында техникалық реттеу саласындағы біліктілік арттырылды

Орал қаласында 21-23 мамыр аралығында «ҚазСтИн» РМК филиалы техникалық реттеу, метрология және менеджмент жүйелері саласында қызметкерлерді даярлау және біліктілігін арттыру бойынша бюджеттік оқыту семинарын өткізді.

Семинарға өңірдің түрлі кәсіпорындары мен ұйымдарынан 80-нен астам қатысушы, олардың ішінде мемлекеттік органдардың өкілдері, сәйкестікті растау жөніндегі органның және сынақ зертханалары мен кәсіпорындардың мамандары, сондай-ақ ЖОО оқытушылары қатысты.

        Зерделеудің негізгі тақырыбы ЕАЭО аясындағы келісімдер және КО/ЕАЭО «Химиялық өнімнің қауіпсіздігі туралы», «Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өрт сөндіру құралдарына қойылатын талаптар туралы» техникалық регламенттерін қолдану ерекшеліктері болды.

        Сарапшылар химиялық өнімдерді өндіру, сақтау, тасымалдау, өткізу, кәдеге жарату және қайта өңдеу процестеріне қойылатын талаптарды түсіндірді. Өрт қауіпсіздігі және өрт сөндіру құралдарының қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету тақырыбы ашылды, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өрт сөндіру құралдарын сәйкестендіру ережелері, сондай-ақ стандарттарды қолдану мониторингі және Стандарттау жөніндегі ұлттық органның стандарттау субъектілерімен өзара іс-қимыл алгоритмі туралы айтылды.

Сонымен қатар тыңдаушылар 2019 жылғы 11 сәуірде күшіне енген «Стандарттау туралы» жаңа Қазақстан Республикасы Заңының ережелерімен танысты.

Ірі өнеркәсіп кәсіпорындарының өкілдері халықаралық, өңірлік, шетелдік стандарттарды қолдану, сондай-ақ мемлекеттік сатып алуда ұлттық стандарттарды қолдану мәселелеріне қызығушылық танытты. Сарапшылар химиялық өнімнің жіктелуіне қатысты сұрақтарға егжей-тегжейлі жауап берді, химиялық өнімнің қауіпсіздік паспортына алдын ала таңбалау түсіру және оны ресімдеу тәсілдері туралы түсіндіріп айтты.


Кайту