Жабу
Логин:
Пароль:
Тіркелу
  Кіру
 Интернет-дүкен   |     Нашар көретіндерге арналған нұсқа   |    English   |    Русский   |    Қазақша  



22.05.2019

Қазіргі заманғы стандарттаудың өзекті мәселелері мен тенденцияларын Санкт-Петербург (Ресей Федерациясы) қаласында өткен XIII жыл сайынғы стандарттау жөніндегі халықаралық форумында талқыланды

 Қазақстанның стандарттау жөніндегі ұлттық органының өкілдері - Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты 20-22 мамыр аралығында Санкт-Петербург қаласында өткен XIII жыл сайынғы стандарттау жөніндегі халықаралық форумына қатысты.


 Семинарға Беларусь, Германия, Қазақстан, Өзбекстан, Ресей Федерациясы, АҚШ-тың стандарттау жөніндегі органдарының, өндірістік компаниялардың, ғылыми-зерттеу және оқыту ұйымдарының 150-ден астам өкілдері қатысты.
Үш күндік бағдарлама стандарттарды қолдану мен таратуға, стандарттарды әзірлеу мен ақпараттық қызмет көрсетуді жүзеге асырудың әлемдік үрдістері мен технологияларын қолдануға байланысты стандарттаудың аса өзекті мәселелерін талқылауды қамтыды.
  Семинардың басты тақырыбы - халықаралық және шетелдік стандарттар мен олардың аудармаларын қолдану саласында заңдылық, лицензиялау мәселелері; сатып алу және қолдану бөлігінде әртүрлі елдердің заңнамаларының жаңа талаптары, әзірлеушілердің авторлық құқықтарын қорғау және сақтау тәжірибесі, оларды тіркеу тәртібі, стандарттау процестерін және стандарттарды ұсыну бойынша ақпараттық қызметтерді автоматтандыру.
Стандарттарды әзірлеу жөніндегі жетекші шетелдік компаниялардың сарапшылары жаңа өнімдер мен қызметтер, стандарттарды тарату саясаты, осы саладағы лицензиялық саясаттың ерекшеліктері туралы әңгімеледі.
Сонымен қатар, баяндамашылар әзірленіп жатқан стандарттардың бағасы мен құндылығы мәселелерінің өзектілігіне: тұтынушылар стандарттарды қолданудан алатын артықшылықтарына назар аударды.
Семинар баяндамашыларының қатарында стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымдардың, жетекші шетелдік әзірлеуші компаниялардың және IEC, ASTM, SAE, ASME, DIN, БелМССИ, Нормдокс және т. б. сияқты стандарттау жөніндегі ұлттық органдардың сарапшылары мен өкілдері бар.
ASTM Internationаl Вице-президенті, Джон Пейс өзінің презентациясында соңғы 40 жылда стандарттауда болған негізгі үрдістер мен өзгерістерге шолу жасап, стандарттарды әзірлеу және ұсыну үдерістерін жетілдіруге мүмкіндік беретін жаңа ақпараттық технологиялардың маңыздылығын атап өтті.
DIN Неміс стандарттау институтының өкілдері Биргит Оллиг пен Тило Шмидт DIN баспасының жұмысы, стандарттарды тарату және олардың аудармалары бойынша DIN саясаты туралы айтып, стандарттарға қатысты авторлық құқықтың заңдық аспектілеріне егжей-тегжейлі тоқталды.
БелМССИ (Беларусь мемлекеттік стандарттау және сертификаттау институты) Бас директоры Александр Скуратов Беларусь Республикасында техникалық нормалау, стандарттау және нормативтік құқықтық актілер мен ақпаратты тарату тәжірибесі туралы айтып берді.

Қазақстандық стандарттау және сертификаттау институтының Бас директоры Қайрат Кәрібжанов Қазақстандағы ұлттық стандарттау жүйесі және халықаралық және шетелдік стандарттарды қолдану ерекшеліктері туралы презентацияны ұсынып, презентация аудиторияның қызығушылығын тудырды.
Форум барысында жұмыс кездесулері өткізіліп, Неміс стандарттау институты DIN және Американдық сынау және материалдар қоғамымен ASTM стандарттарды қолдану бойынша келісімдердің шарттарын кеңейту туралы уағдыластыққа қол жеткізілді.
ҚазСтИн және шетелдік стандарттардың ірі дистрибьюторы – "Нормдокс" компаниясы арасындағы меморандум аясында одан әрі ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды.


Кайту