Жабу
Логин:
Пароль:
Тіркелу
  Кіру
 Интернет-дүкен   |     Нашар көретіндерге арналған нұсқа   |    English   |    Русский   |    Қазақша  



30.05.2019

Алматы облысында техникалық реттеу және стандарттау бойынша семинар өтті

Алматы облысында техникалық реттеу және стандарттау бойынша семинар өтті

«ҚазСтИн» РМК Алматы облысы ТРМК Қарасай, Жамбыл аудандарының бизнес-қоғамдастықтары мен Іле ауданындағы «ДАМУ» логистикалық орталығы үшін семинар ұйымдастыру және өткізу жұмыстарына қатысты.

Семинардың мақсаты қатысушыларды Еуразиялық экономикалық одақ (ЕЭО) шеңберінде техникалық реттеу және стандарттау саласындағы нормативтік құжаттарды әзірлеу, өзгерістер енгізу және қабылдау туралы ақпараттандыру, Техникалық реттеу саласындағы проблемалық мәселелерді қарау және Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерін қолдану тәжірибесі болып табылады.

Семинарға қатысушыларға «Стандарттау туралы» ҚР Заңының негізгі ережелері, сондай-ақ «Интернет-дүкен», «Е-жоспарлау» интернет-ресурстары бойынша таныстыру ақпараты берілді.

ТРМКД және «ҚазСтИн» РМК филиалының мамандары кәсіпкерлердің стандарттарды әзірлеу процедуралары, Ұлттық стандарттау жоспарына өтінім-ұсыныстар беру, сәйкестік сертификаттарын ресімдеу және беру, өндірілетін өнімге сәйкестік туралы декларацияларды тіркеу бойынша сұрақтарына жауаптар берді.

Ұйымдастырушылар қазіргі уақытта өнімді әкелу кеден одағының аумағына өнімді (тауарларды) әкелу тәртібі туралы Ережеге сәйкес жүзеге асырылатынын, оған қатысты міндетті талаптар, Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2018 жылғы 18 сәуірдегі № 44 «Сәйкестікті бағалаудың үлгі схемалары туралы» шешіміне сәйкес өнімнің сәйкестігін растау рәсімдері белгіленетінін атап өтті.




Кайту