Жабу
Логин:
Пароль:
Тіркелу
  Кіру
 Интернет-дүкен   |     Нашар көретіндерге арналған нұсқа   |    English   |    Русский   |    Қазақша  



03.06.2019

Ақтауда өлшем құралдарын калибрлеу/салыстырып тексеру және өнімді сынау кезіндегі белгісіздік бағасы туралы өзекті тақырып бойынша оқыту өткізілді

Ақтауда өлшем құралдарын калибрлеу/салыстырып тексеру және өнімді сынау кезіндегі белгісіздік бағасы туралы өзекті тақырып бойынша оқыту өткізілді

 

3 күн ішінде «ҚМГ ӨБТҒЗИ ЖШС Ақтау қ. «ҚазмұнайгазҒЗЖИ» Ғылыми-зерттеу институты филиалының басшылары, инженерлері және зертхана мамандары Ақтау қаласында өлшем құралдарын калибрлеу/салыстырып тексеру және өнімді сынау кезіндегі белгісіздік бағасы бойынша оқытудан өтті. Семинарды ҚазСтИн Маңғыстау филиалының ұйымдастыруымен Мемлекеттік метрологиялық институттарының Евро-Азиаттық бірлестігінің еңбек сіңірген метрологы Донбаева Вера Алексеевна өткізді.

Семинар барысында дәріскер өлшем нәтижелерінің белгісіздігін анықтау тұжымдамасының пайда болу тарихын ашып айтып берді, сонымен қатар бірқатар тақырыптық дәрістер ұсынды.

Өнім сынақтарының нәтижелерін өңдеу кезінде аналитикалық өлшемдердің белгісіздігін бағалау бойынша жеткілікті, көрнекті мысалдар көрсетілді. Сонымен қатар, дәріскер әрбір қатысушымен тәжірибелік есептеулер жүргізіп, олардың қорытындыларын тексеріп, қателіктерді талдады.

Зертханалардағы өлшемдердің белгісіздігін бағалауды, қолданылатын әдістемелерге қатысты өлшемдердің белгісіздігін бағалаудың дұрыс есептелу жолы, есептеулердің нәтижелерін өнімді сынау нәтижелерін жақсартуға пайдалану, соның арқасында зертхана жұмысының жақсаруына әкелу – бұл оқытудың негізгі мақсаты болды.



Кайту