Жабу
Логин:
Пароль:
Тіркелу
  Кіру
 Интернет-дүкен   |     Нашар көретіндерге арналған нұсқа   |    English   |    Русский   |    Қазақша  



05.06.2019

Қазақстан мен Қытай: экспортқа бағытталған бағыт

ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Г. Исаева, ҚР ИИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы                   А. Шаққалиев, ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті төрағасының орынбасары Н. Сәдуақасов бастаған қазақстандық делегаттар, сондай-ақ, Қазақстандық стандарттау және сертификаттау институты мен Ұлттық аккредиттеу орталығының өкілдері қытайлық стандарттау, аккредиттеу және сәйкестікті бағалау бойынша әріптестерімен өзекті мәселелерді талқылады.

Қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын жылжыту, ветеринарлық, санитарлық және фитосанитарлық талаптар бойынша хаттамаларға қол қою, ҚХР-да қазақстандық экспорттаушылардың тізілімін кеңейту мақсатында кәсіпорындарға инспекция жүргізу ҚХР-ның Бас кеден басқармасымен кездесу аясында қаралды.

ТРМК төрағасы Арман Шакқалиев ҚХР-ға терең өңдеу және өнеркәсіптік мақсаттағы қазақстандық өнімнің экспортын қамтамасыз ету үшін техникалық талаптар мен сәйкестікті растау рәсімдерін бірлесіп пысықтау қажеттігін атап өтті. Тараптар бірлескен жұмыс тобын құру және өнімнің біртекті топтары бойынша экспорт мәселелерін жүйелі, нүктелік пысықтауды ұйымдастыру туралы шешім қабылдады.

Мысалы, Қазақстаннан Қытай нарығына құрғақ бие сүтінің кіруіне қойылатын талаптарды келісу үшін ҚХР ұлттық денсаулық сақтау комиссиясының өкілдері аталған өнімге қазақстандық стандартқа жүргізілген сараптама нәтижелерін көрсетті және қосымша құжаттарды ұсынғаннан кейін қазақстандық өнімді экспорттауға мүмкіндік беретін ҚХР ұлттық стандарты әзірленетінін хабарлады. Сондай-ақ құрғақ түйе сүтіне қойылатын талаптарды белгілейтін ҚХР салалық стандартын пайдалануға рұқсат алынды.

Мұндай кездесулер Қазақстанның экспорттаушыларын экспорттаушы елдің барлық техникалық талаптары және өнімнің белгілі бір түрін экспорт елінің нарығына шығару үшін өту қажет сәйкестікті бағалау рәсімдері туралы ақпаратпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.


Кайту