Жабу
Логин:
Пароль:
Тіркелу
  Кіру
 Интернет-дүкен   |     Нашар көретіндерге арналған нұсқа   |    English   |    Русский   |    Қазақша  



05.06.2019

Қазақстан мен Қытай 2: серіктестікті кеңейте түсуде

Нарықты реттеу жөніндегі мемлекеттік агенттік (SAMR), стандарттарды дамыту ұлттық орталығы (NCSЕ, бұрынғы SAC Info) және сәйкестікті бағалау саласындағы қытай ұлттық аккредиттеу қызметі (CNAS) өкілдерімен кездесулер өтті.

Айта кету керек, қытай тарапымен тиімді өзара іс-қимылды жолға қою жұмысы бірнеше жылдан бері жүргізіліп келеді және бұл кездесу нақты уағдаластықтарға қол жеткізу үшін соңғы болып отыр. Қазақстан мен ҚХР тамызға дейін өнімнің сәйкестігін бағалау нәтижелерін тану мәселелері бойынша тиісті іс-шаралар жоспарын дайындайды. Сондай-ақ, осы жылдың күзіне жоспарланған SAMR-мен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойғанға дейін Тараптар өнім тізбесі бойынша уағдаласуы, қазақстандық және Қытай тараптарының талаптарына салыстырмалы талдау жүргізуі қажет.

Бұдан басқа, Қазақстанның стандарттау жөніндегі ұлттық органы NCSE-мен ҚХР салалық стандарттар базасына қол жеткізу туралы уағдаласты, Ұлттық аккредиттеу орталығы CNAS-пен екі жақты ынтымақтастық туралы меморандумды дайындады.

ҚХР-ның реттеуші органдарымен танысу және зерттеу қазақстандық өнімді осы елге жылжыту үшін өте маңызды. Техникалық реттеу және метрология комитеті өнімнің әрбір түрі бойынша іс – қимылдың нақты алгоритмдерін-стандарттардан сәйкестікті бағалау нәтижелерін мойындауға дейін дайындау бөлігінде экспортқа бағдарланған кәсіпорындарды сервистік қолдауды жүзеге асыруды жалғастыруда.


Кайту