Жабу
Логин:
Пароль:
Тіркелу
  Кіру
 Интернет-дүкен   |     Нашар көретіндерге арналған нұсқа   |    English   |    Русский   |    Қазақша  



05.06.2019

Ақтөбеде менеджмент жүйелерін кәсіпорындарда енгізу бойынша аймақтық семинар аяқталды.

4 маусым 2019 жылы Ақтөбе қаласында «Dastan Hotel Aktobe» ЖШС конференц-залында кәсіпорындарда менеджмент жүйесін енгізу бойынша семинар өтті.

 

Оқуға 100 жуық адам қатысты. Семинар Ақтөбе облысының кәсіпорындары және ұйымдарының басшыларына мен мамандарына арнайы өткізілді, олардың арасында өндірістік кәсіпорындардың, сәйкестікті растау жөніндегі органдардың, сынақ, тексеру және калибрлеу зертханаларының, жоғары оқу орындарының өкілдері. Бұған келесі: «Ақтөбе хром қосындылары зауыты» АҚ, «Ақбұлак» АҚ, «Стройдеталь» ЖШС, «Энергосистема» ЖШС, «Ақтөбе рельсарқалық зауыты» ЖШС, «Южпромснаб» ЖШС, «Трансэнерго» АҚ, «Көктас-Ақтөбе» АҚ, «Ақтөбе металқұрылымдары зауыты» АҚ, «Айс-плюс» ЖШС және т.б. кәсіпорындарының мамандары қатысты.

Дәріскер ретінде «КазИнСт» РМК ОСҒЖ бастығы Гульмайда Каримова сөз сөйледі. Ол менеджмент жүйесінің саласындағы жаңа халықаралық стандарттар:

- ISO 9004  «Сапа менеджменті. Ұйымның сапасы. Тұрақты табысқа жету бойынша ұсынымдар»;

- ISO 50001 «Энергетикалық менеджмент жүйелері. Пайдалануға қойылатын талаптар мен нұсқаулықтар».

Күннің бірінші жартысында дәріскер ISO 9004 «Сапа менеджменті. Ұйымның сапасы. Тұрақты табысқа жету бойынша ұсынымдар» тыңдаушылар қызметкерлердің басқару процестері үшін жауапкершілігі мен өкілеттіктері, ресурстар менеджменті және қызметкерлердің тартылуы туралы, ұйымның өнімділігін талдау және бағалау алгоритмі туралы танысты.

Күннің екінші жартысында жаңа ISO 50001 «Энергетикалық менеджмент жүйелері. Пайдалануға қойылатын талаптар мен нұсқаулықтар» стандарты оқылды. Семинар барысында тұтынушылардың типтеріне, энергия шығынына, өлшеулерге, құжаттама мен есептілікке, жабдықтарды, жүйелерді, процесстерді жобалау мен сатып алу тәжірибесіне және өндірістегі энергия тиімділігі бар қызметкерлерді тартуға қойылатын талаптарға қатысты сұрақтарға толық жауап берді.

Нәтижесінде семинарға қатысушылар өздерінің кәсіби деңгейін арттырды, кәсіпорынның жұмысы үшін қажетті және жеткілікті саны мен сапасын қамтамасыз ету кезінде энергия ресурстарына шығындарды төмендету бөлігінде қойылған мақсаттарға жету үшін практикалық білім алды. Энергия ресурстарын пайдалануға арналған шығындарды басқару шеберлігіне жете отыра, нақты энергия тұтыну көрінісін алуына, оны динамикада бақылауына және шығындарды төмендетеуіне мүмкіндік береді.

 



Кайту