Жабу
Логин:
Пароль:
Тіркелу
  Кіру
 Интернет-дүкен   |     Нашар көретіндерге арналған нұсқа   |    English   |    Русский   |    Қазақша  



10.06.2019

Көкшетауда техникалық реттеу саласындағы қызметкерлерді оқыту және біліктілігін арттыру туралы үш күндік семинар аяқталды

5-7 маусым аралығында мемлекеттік органдардың, қауымдастықтардың, кәсіпорындар басшыларының, менеджерлердің, инженерлердің, технологтардың, сапалы мамандардың, жоғары оқу орындарының қызметкерлері үшін техникалық реттеу, метрология және басқару жүйелерін оқыту және біліктілігін арттыру бойынша семинар өткізілді.

Бюджеттік бағдарлама аясында іс-шараны «Қазақстандық стандарттау және сертификаттау институты» РМК-ның Ақмола филиалы ұйымдастырды.

Семинар әртүрлі деңгейдегі қызметкерлердің кәсіптік біліктілігін жетілдіру және арттыру мақсатында жүргізілді (қарапайым мамандардан топ-менеджерлерге дейін). Осы бағытта оқыту болашақта өнім мен қызметтерді өндіруді жақсарту үшін барлық қажетті құралдарды дұрыс және тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.

Іс-шараның ішінде Еуразиялық экономикалық одақтың құқықтық базасының негізгі қағидаларын, Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкестігіне, техникалық регламенттердің, Қазақстан Республикасындағы стандарттау жүйесінің орындалуына мемлекеттік бақылау (қадағалау), Еуразиялық экономикалық одақтағы стандарттау жүйесі бойынша қарастырылды, сондай-ақ метрология саласындағы жаңа заңдар, басқару жүйелерін сертификаттау саласындағы жаңа тәсілдер және т.б. КО/ЕАЭО техникалық регламенттерін қолдану қарастырылды.

Қызметіне сәйкес жетекші сарапшылар мен қызмет салаларында сарапшы аудиторлар аудитория алдында сөз сөйледі.

Іс-шараға Ақмола облысының мемлекеттік органдарының өкілдері мен бизнес-орталықтар 90 адамдай қатысты.



Кайту