Жабу
Логин:
Пароль:
Тіркелу
  Кіру
 Интернет-дүкен   |     Нашар көретіндерге арналған нұсқа   |    English   |    Русский   |    Қазақша  



20.06.2019

Ақтауда менеджмент жүйелері бойынша оқыту өткізілді

Осымен бесінші жыл Ақтауда ақысыз түрде кәсіпорындарда менеджмент жүйелерін енгізу бойынша оқыту семинары өткізілді. Осы жылы, 18 маусым күні, семинарға облыстың әр түрлі мекемелері мен ұйымдарының, соның ішінде мемлекеттік органдар мен Маңғыстау облысы Кәсіпкерлер палатасының 100 өкілі қатысты.

Қатысушыларға:

- ISO 9004 «Сапа менеджменті. Ұйым сапасы. Тұрақты табысқа жету бойынша ұсынымдар»;

- ISO 50001 «Энергия менеджменті жүйелері. Қолдану бойынша талаптар мен нұсқаулар» тақырыптары ұсынылды.

Ал дәріскер ретінде сәйкестікті растау органдары мен сынау зертханаларын бағалау бойынша эксперт-аудитор – Құрманғалиев Серік Шолпанкулович аталған тақырыптарды тілге тиек етті.

Семинар ISO 9004 жаңа стандартын қарастырудан басталды. ISO 9004 стандарты ұйым жұмысын жақсартуға бағытталған ұсынымдары бар жүйені жақсарту бойынша басшылық болып табылады. Дәріскер аталған стандартты ұйымда енгізу ұйымның тұтынушылар мен мүдделі тараптардың сұраныстары мен болжамдарына сәйкес болу қабілетіне сенімділік беретінін атап өтті.

Семинардың екінші бөлігінде ISO 50001 энергия менеджменті жүйелерінің халықаралық стандарты қарастырылды. Бұл құжаттың негізгі мақсаты – ұйымдарға энергия тиімділігіне, энергия тұтыну типіне қатысты энергия нәтижелілігін тоқтаусыз жақсартуға қажетті жүйелер мен үрдістерді қалыптастыруға мүмкіндік беру. Аталған құжат ұйымның энергия менеджменті жүйесіне қатысты талаптарды белгілейді. Энергия менеджменті жүйесінің сәтті енгізілуі энергия нәтижелілік мәдениетін дамытуға септігін тигізеді. Негізінен бұл ұйымдағы мәдени өзгерістерге байланысты. Қазіргі заманауи мекемелерде энергия қорын басқару және энергияны үнемдеу өзекті мәселелердің бірі болып саналады.

Семинар талқылау түрінде өтті, қатысушылар өздеріне қажетті сұрақтарға дәріс тақырыбы аясында жауап ала алды.



Кайту