Жабу
Логин:
Пароль:
Тіркелу
  Кіру
 Интернет-дүкен   |     Нашар көретіндерге арналған нұсқа   |    English   |    Русский   |    Қазақша  



24.06.2019

«Менеджмент жүйелерін кәсіпорындарда енгізу»

Қатысушылардың ішінде Х.Досмұхамедов атындағы Атырау Мемлекеттік Университеті, «Казкомсервис» ЖШС, «НАЗ-Стандарт» ЖШС, «Атырау Жарык» АҚ, «АлматыНефтехим А» ЖШС, Атырау облысы Кәсіпкерлік және Индустриялық-инновациялық басқармасы, Атырау ЖЭО, «АЛООС» ЖШС, «Геоэкосервис» ЖШС, «Артел Инжиниринг» ЖШС, «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc» ЖШС, «АНПЗ» ЖШС және тағы басқа қатысты.
Семинарға дәріскер ретінде сынақ зертханаларын бағалау жөніндегі сарапшы-аудитор Құрманғалиев Серік Шолпанқұлұлы тыңдаушыларды менеджмент жүйесі саласындағы халықаралық стандарттардың жаңа нұсқаларымен таныстырды.
- ISO 9004 «Сапа менеджменті. Ұйымның сапасы. Тұрақты табысқа жету бойынша ұсыныстар»;
- ISO 50001 «Энергетикалық менеджмент жүйесі. Пайдалану жөніндегі талаптар мен нұсқаулық».
Күннің бірінші жартысында дәріскер ISO 9004 «Сапа менеджменті. Ұйымның сапасы. Тұрақты табысқа жету бойынша ұсыныстар» стандартының негізгі қағидаларына тоқталды. Сондай-ақ, ISO 9004:2018 мүдделі тараптардың қажеттіліктері мен үміттерін қанағаттандыру есебінен ұйымның жетістігіне басшылықтың сенімділігіне қол жеткізуге шоғырланғанын атап өтті
Күннің екінші жартысында ISO 50001 «Энергетикалық менеджмент жүйесі. Пайдалану жөніндегі талаптар мен нұсқаулық» стандартының жаңа нұсқасы туралы дәріс жүргізілді. Дәріскер тұтынушылардың типтеріне, энергия шығынына, өлшеулерге, құжаттама мен есептілікке, жабдықтарды, жүйелерді, процестерді жобалау мен сатып алу тәжірибесіне және өндірістегі энергонәтижелілікке байланысты персоналды тартуға қойылатын талаптарға қатысты сұрақтарға толық жауаптар берілді.
Семинар соңында қатысушылар ұйымның сапа менеджменті, сапа менеджмент жүйесін енгізу, сондай-ақ жаңартылмалы энергияны пайдалану бойынша қызықтыратын сұрақтарын қойды.
Семинар қорытындысы бойынша 100 тыңдаушыға сертификаттар табысталды.


Кайту