Жабу
Логин:
Пароль:
Тіркелу
  Кіру
 Интернет-дүкен   |     Нашар көретіндерге арналған нұсқа   |    English   |    Русский   |    Қазақша  



27.06.2019

Атырауда Өңірлік штаб отырысында өзекті мәселелер талқыланды

Отырыста Атырау облысының мемлекеттік органдар, сонымен қатар селектрлік режимде аудан әкімдіктері және аттракциондарды пайдалануға іске асыратын кәсіпорындар өкілдері қатысты.
Күн тәртібіне сәйкес «Аттракциондар қауіпсіздігі туралы» ЕЭО ТР 036/2016 және ҚР СТ 3359-2019 «Аттракциондар қауіпсіздігі. Аттракциондарды іске қосу және пайдалану барысында қойылатын қауіпсіздік талаптары» мәселелері қарастырылды.
ТРМКД облысының басшысы Камешева Салтанат 2018 жылы 18 сәуірде күшіне енген «Аттракциондар қауіпсіздігі туралы» Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламентін және тұрақты және ол жылжымалы аттракциондардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар бойынша түсіндірді. Бүгінгі күні қылмыстық заңнамада (306 ҚЗ бабы) қауіпсіздік талаптарына сай емес қызмет көрсету жауапкершілік шараларын қарастыратындығын атап өтті, бұл мәселе ішкі істер органдарының жауапкершілігі болып табылатынын атап өтті.
«ҚазСтИн» РМК Атырау филиалы директорының міндетін атқарушы Жаннат Акмалиева 2019 жылдың 1 шілдеде күшіне енетін ҚР СТ 3359-2019 «Аттракциондар қауіпсіздігі. Аттракциондарды іске қосу және пайдалану барысында қойылатын қауіпсіздік талаптары» Қазақстан Республикасының стандартының талаптарын түсіндірді. Ұлттық стандартта аттракциондардың қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету кезеңдері реттелген, сонымен қатар техникалық куәландыруды жүргізу қарастырылғанын және жергілікті атқарушы органдарға құжаттарды тапсыру бойынша атап өтті

.


Кайту