Жабу
Логин:
Пароль:
Тіркелу
  Кіру
 Интернет-дүкен   |     Нашар көретіндерге арналған нұсқа   |    English   |    Русский   |    Қазақша  



04.07.2019

КӨЛІК ҚҰРАЛЫН ДАЙЫНДАУШЫНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СӘЙКЕСТЕНДІРУ КОДЫ (WMI)

VIN сәйкестендіру нөмірінің алғашқы үш позициясында WMI (World Manufacturers Identification) дайындаушының халықаралық сәйкестендіру коды болуы тиіс.

WMI коды көлік құралын дайындаушысын сәйкестендіру үшін қолданылады. Дайындаушыда халықаралық сәйкестендіру кодын беру туралы куәліктің болуы, өз өнімін он жеті таңбалы сәйкестендіру нөмірімен (VIN) таңбалауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді және ол көлік құралы (шасси) типін мақұлдауды рәсімдеу үшін бірінші кезеңдердің бірі болып табылады.

«Стандарттау туралы» ҚР Заңының 2019 жылғы 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілуіне байланысты WMI кодын көлік құралдары дайындаушыларға халықаралық сәйкестендіру кодтарын беру бойынша ҚР құзыретті органымен беріледі.

Бұл құзыреттілікті Қазақстан стандарттау және сертификаттау институтының Техникалық хатшылығы Стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымның (ISO) өкілеттігі бойынша әрекет ететін Автомобиль инженерлері қоғамымен (Society of Automotive Engineers (SAE) бірлесіп жүзеге асырылады. Осы аймақтағы географиялық аймақ пен елді білдіретін WMI кодының алғашқы екі таңба SAE-мен беріледі. Үшінші таңба көлік құралы дайындаушысын айқындайды және дайындаушы заңды тұлға ретінде тіркелген елдің аумағындағы құзыретті органымен береді.

WMI коды көлік құралдарын дайындаушыларға халықаралық сәйкестендіру кодтарын беру жөніндегі Ережеде белгіленген талаптарға сәйкес беріледі.



Кайту