Жабу
Логин:
Пароль:
Тіркелу
  Кіру
 Интернет-дүкен   |     Нашар көретіндерге арналған нұсқа   |    English   |    Русский   |    Қазақша  



19.07.2019

Реттеудің тиісті тәжірибесін қолдаудағы халықаралық стандарттар

2019 ж. 19 шілдеде Нұр-сұлтан қаласында АҚШ Сауда министрлігінің коммерциялық құқықты дамыту бағдарламасының (CLDP) қолдауымен, Американдық сынақтар мен материалдар қоғамының (бұдан әрі - ASTM International) және Қазақстан стандарттау және сертификаттау институтының (бұдан әрі – ҚазСтИн) қатысуымен «Реттеудің тиісті тәжірибесін қолдаудағы халықаралық стандарттар» тақырыбында семинар өткізілді.

CLDP бағдарламасы үкіметтерге және өтпелі экономикасы бар елдердің жеке секторына олардың экономикалық даму мақсаттарын қолдау үшін коммерциялық құқық саласында техникалық көмек көрсетуге бағытталған.


Семинарға мемлекеттік органдардың, заңды тұлғалар бірлестіктерінің, мұнай-газ, тау-кен және жеңіл өнеркәсіптің жетекші қазақстандық кәсіпорындарының өкілдері қатысты.

Негізгі лекторлар ASTM Сыртқы байланыстар жөніндегі директоры Джеймс Олшефски, ASTM Халықаралық сауда жөніндегі кеңесшісі Луис Фредрикс және ҚазСтИн Бас директорының орынбасары Еркежан Әмірханова болды.

Семинарды ұйымдастырушылар мен қатысушыларға арнаған құттықтау сөзінде ҚазСтИн Бас директоры Қайрат Кәрібжанов қазақстандық компаниялардың ASTM стандарттарын қолдануға деген қызығушылығын атап өтті. «CLDP бағдарламасы Қазақстан мен АҚШ арасындағы стандарттау саласындағы ынтымақтастыққа жаңа серпін беріп, жетекші әлемдік сарапшылардың ашық диалогы мен оқуына мүмкіндік берді және бүгінгі семинардың тақырыбы өте өзекті, өйткені стандарттардың рөлін күшейту және оларды заңнамада қолдану қажеттілігі туындап отыр» - деп атап өтті ол.

Семинарда ASTM сарапшылары нормашығармашылық және АҚШ стандарттарын әзірлеу тәжірибесі, АҚШ-та техникалық регламенттерді дайындау, қабылдау және іске асыру процестері, саудадағы техникалық кедергілер бойынша ДСҰ келісімін іске асыруды қолдау үшін реттеудің тиісті тәжірибесінің негіздері, техникалық регламент пен стандарт арасындағы айырмашылық, сәйкестікті бағалау принциптері туралы айтып берді.


Қазақстан Ұлттық стандарттау органы (ҚазСтИн) Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерін әзірлеу тәртібі, сондай-ақ ұлттық заңнамада стандарттарды қолдану тәжірибесі туралы презентациясын ұсынды.

Сондай-ақ, семинар барысында техникалық регламенттер мен стандарттарды әзірлеудің өзекті мәселелері қаралды: қашан және қалай реттеу, регламенттерде халықаралық стандарттарды қолдану мүмкіндіктері, регламенттерде стандарттарды және оларға сілтемелерді көрсетудің тиісті тәжірибесі, тәуекелдерді басқаруға негізделген стандарттарды әзірлеу тәсілдері және т.б.

Семинар қарсаңында ағымдағы жылдың 18 шілдесінде Нұр-сұлтан қаласындағы Эталон орталығында CLDP және ASTM сарапшылары ҚазСтИн басшылығымен кездесті.

ҚазСтИн мен ASTM арасындағы ынтымақтастық перспективалары, Қазақстан мен АҚШ арасындағы стандарттау саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту және тереңдету жөніндегі CLDP бағдарламасының мүмкіндіктері талқыланды.

ASTM Сыртқы байланыстар жөніндегі директоры Джеймс Олшефский ҚазСтИн мен ASTM арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум шеңберінде қазақстандық сарапшыларға ASTM техникалық комитеттерінің жұмысына қатысуға мүмкіндік берілетінін атап өтіп, ASTM оқыту мен веб-сессияларына қатысуды ұсынды.

ASTM техникалық сарапшылары мен стандарттау жөніндегі қазақстандық ТК арасында өзара іс-қимылды дамыту, нақты бағыттар бойынша, атап айтқанда, мұнай-газ саласындағы, құрылыс саласындағы кәсіпорындар үшін ASTM стандарттарын қолдану тәжірибесі бойынша семинарлар ұйымдастыру, сондай-ақ Қазақстанда CLDP бағдарламасы шеңберінде Орталық Азия елдері үшін өңірлік семинар өткізу мүмкіндігін қарастыру ұсынылды.

 


Кайту