Жабу
Логин:
Пароль:
Тіркелу
  Кіру
 Интернет-дүкен   |     Нашар көретіндерге арналған нұсқа   |    English   |    Русский   |    Қазақша  



02.08.2019

Талдықорғанда ҚР СТ ISO/IEC 17025-2018 бойынша оқу семинары өтті

Семинарға «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ Талдықорған филиалы мен «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Алматы облысы бойынша филиалының сынақ және калибрлеу зертханаларының басшылары мен мамандары қатысты.

Тыңдаушылар бекітілген оқу бағдарламасы мен оқу жоспарына сәйкес стандараттың жаңа нұсқасымен танысты. Дәріскер - Құрманғалиев Серік Шолпанқұлұлы аккредиттеудің мақсаттары мен принциптері, аккредиттеу субъектілері, Қазақстан Республикасындағы қолданыстағы заңнамасы, халықаралық деңгейде аккредиттеу жүйелерін өзара тану туралы, ҚР СТ ISO/IEC 17025-2018 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» туралы стандарттың барлық тармақтарына қатысты кәсіпорындардың нақты тәжірибеде қолдану үлгілерін қатысушылар алдында мысалдармен келтіріп таныстырды.



Кайту