Жабу
Логин:
Пароль:
Тіркелу
  Кіру
 Интернет-дүкен   |     Нашар көретіндерге арналған нұсқа   |    English   |    Русский   |    Қазақша  



05.08.2019

Қазақстан және Иран: Қазақстан экспортын ілгерілету мәселелері туралы

Бүгінгі таңда Қазақстан белсенді экспорттық саясатты жүргізуде және оны табысты ілгерілету үшін, мемлекет халықаралық танылған сапа инфрақұрылымын құру бойынша жоспарлы және дәйекті жұмыс жүргізуде, яғни ұлттық өнімнің жоғары халықаралық стандарттарға сәйкестігін қамтамасыз ету және экспорттық әлеуетті арттыру бойынша шаралар жүргізуде. Осыған орай, Ұлттық стандарттау органының (ҚазСтИн) және Ұлттық аккредиттеу орталығының (ҰАО) делегациясы 2019 жылғы 4 тамызда Иранның сауда, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы саласындағы уәкілетті органдарына және Тегеран қаласындағы стандарттау және аккредиттеу жөніндегі ұлттық органдарға барды.

Айта кетейік, Қазақстан мен Иран көптеген бағыттар бойынша табысты ынтымақтастықта жұмыс істейді, ынтымақтастық туралы 60-тан астам келісім жасалды, сауда қатынастарын нығайтуға қызығушылық артып келеді. Алайда, өзара саудадағы техникалық кедергілерді жою, стандарттау саласындағы екі жақты ынтымақтастықты дамыту, өзара жеткізілетін өнімнің сәйкестігін растау нәтижелеріне өзара сенім құру аса маңызды.

Сапар аясында, Иран нарығына өнімнің импортын реттеуге жауап беретін қандай да бір дәрежедегі Өндіріс, кеніш және сауда министрлігі (MIMT), Иранның стандарттау және өнеркәсіптік зерттеулер институты (ISIRI), Иранның ұлттық аккредиттеу орталығы (NACI), Ветеринарлық Ұйым (IVO) өкілдерімен ресми кездесу өтті.

Иранға өнімнің импортына жалпы бақылау мен рұқсат беруді MIMT жүзеге асырады; ISIRI өнімге қойылатын міндетті талаптарды, соның ішінде Халал талаптарын белгілейтін стандарттарды әзірлейді және импортталатын өнімді инспекциялау жөніндегі органдарды тағайындайды, NACI талаптарды анықтайды және инспекция органдарын аккредиттейді; Иранның ветеринариялық ұйымы (IVO) жануарлардан алынатын ауыл шаруашылығы өнімдеріне қойылатын ветеринариялық және санитарлық талаптарды реттейді.

Сапар барысында Иран тарапынан Иран нарығына өнім импортын реттеу ерекшеліктері, сәйкестікті бағалау және бақылау рәсімдері туралы мәліметтер алынды, сәйкестікті бағалау стандарттары мен рәсімдері арқылы өзара сауда үшін қолайлы жағдайлар жасау мүмкіндіктері талқыланды.

Иранға халықаралық немесе ұлттық стандарт бойынша өндірілген өнім импортына рұқсат етіледі, алайда сәйкестікті бағалауды NACI -де аккредиттеуден өткен инспекция органы жүргізуі тиіс.

            Осыған байланысты «ҚазСтИн» және ISIRI арасында Иран стандарттарын Қазақстанда қолдану және тарату мүмкіндігі туралы, сондай-ақ ҰАО мен NACI арасындағы екі жақты келісімді пысықтау, тараптардың аккредиттелген органдары орындаған инспекция нәтижелерін өзара тану туралы екіжақты екіжақты меморандумға қол қою туралы келісімге қол жеткізілді.

         Осы мақсатта тараптар өзара саудаға қызығушылық тудыратын өнімдер тізімдерін алмасу және өзара тану тетіктерін бірлесіп әзірлеу туралы келісімге келді.


Сәтті іске асырылған жағдайда, қазақстандық өнім Иранда қосымша процедураларсыз инспекция бойынша қазақстандық орган берген инспекцияның хаттамалары негізінде Иранға экспортталады.


Кайту