Жабу
Логин:
Пароль:
Тіркелу
  Кіру
 Интернет-дүкен   |     Нашар көретіндерге арналған нұсқа   |    English   |    Русский   |    Қазақша  



08.08.2019

Ақтөбеде өңірлік штабтың кезекті отырысы өтті

2019 жылдың 7 тамызда "Атамекен" Ақтөбе облысының кәсіпкерлер палатасы алаңында Кеден одағының/Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі-АӨШ) техникалық регламенттерін қарастыру үшін Өңірлік штабының кезекті отырысы өтті.

АӨШ отырысы АӨШ-тың төраға орынбасары, ТРМК департаментінің басшысы К.Т.Омарбекова төрағалымен өтті.

Отырыста қолданыстағы заңнама нормаларына қатысты «қарапайым заттар экономикасы» салаларындағы тауарларды мемлекеттік сатып алу кезінде ұлттық стандарттарды қолдану туралы түсіндірілді.

АРШ отырысына жергілікті атқарушы органдардың, коммуналдық мемлекеттік мекемелердің, Ақтөбе облысының кәсіпкерлер палатасының өкілдері қатысты: "МАСҚ Басқармасы" ММ, "Энергетика және ТКШ басқармасы" ММ, "Білім басқармасы" ММ, "Ақтөбе медициналық орталығы" МКК, "Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы" КММ және т.б.

Ақтөбе облысының мемлекеттік сатып алу басқармасының бас маманы Д.Д. Дәулетбаев жиынға қатысушыларды мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнаманың негізгі ережелерімен, конкурс кезеңдерімен және тұтыну тауарларының алдын ала біліктілігімен таныстырды.

"ҚазСтИн" РМК мемлекеттік сатып алудың техникалық ерекшеліктерінде ұлттық және мемлекетаралық стандарттардың қолданылуына қатысты жүргізген талдау жұмыс нәтижелері туралы "ҚазСтИн" РМК Ақтөбе филиалының директоры М. М. Сарбопин айтып берді.

Отырыс аяғында қатысушылардан келіп түскен сұрақтарға толық жауаптар берілді.



Кайту