Жабу
Логин:
Пароль:
Тіркелу
  Кіру
 Интернет-дүкен   |     Нашар көретіндерге арналған нұсқа   |    English   |    Русский   |    Қазақша  



08.08.2019

Қазақстан менТүркия: қазақстандық экспортты жылжыту бойынша жұмыс жалғасуда

6-7 тамызда Ұлттық стандарттау органының (ҚазСтИн) және Ұлттық аккредиттеу орталығының (ҰАО) делегациясы Түркияның Сауда, өнеркәсіп саласындағы уәкілетті органдарына және Анкара қаласындағы стандарттау және аккредиттеу жөніндегі ұлттық органдарға барды. 
Сауда министрлігі, Ғылым, өнеркәсіп және технологиялар министрлігі, Түрік стандарттар институты (TSE) және аккредиттеу жөніндегі орган (TURKAK) өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізілді.
Түрік тарапы қазақстандық делегацияны қуана қабылдады және импортталатын өнімді реттеу ерекшеліктері туралы толық ақпарат ұсынды. 1995 жылдан бастап ЕО-мен Кеден одағында бола отырып, Түркия өзінің техникалық реттеу саласындағы заңнамасын ЕО директивтерімен 80 % - ға үйлестірді, осыған байланысты Түркия нарығына импортталатын өнімдердің көпшілігінің CE таңбасы болуы тиіс. Үйлестіру жұмыстары жалғасуда. Сауда министрлігі ағымдағы жылы ішкі нарыққа түсетін өнімнің қауіпсіздігі мен сапасын бақылау жөніндегі шараларды күшейтуді қарастыратын жаңа "Өнімнің қауіпсіздігі мен Техникалық реттеу туралы" Заңды бекіту жоспарланғанын хабарлады. Түрік стандарттар институты машина жабдықтары, электр жабдықтары, тұрмыстық техника, химиялық тыңайтқыштар сияқты бірқатар импортталатын өнеркәсіп тауарларын инспекциялауды жүзеге асыратын уәкілетті ұйымдардың қатарына кіреді.
TSE өкілдерімен кездесу барысында қазақстандық экспорттаушыларды қызықтыратын өнім түрлері бойынша Түркияның міндетті стандарттарының тізбесі туралы ақпарат алынды. Қазіргі уақытта TSE стандарттардың электрондық дүкенін жаңғыртуды жүзеге асырады, одан кейін ҚазСтИн мен TSE арасындағы Қазақстан аумағында түрік стандарттарын тарату мүмкіндігін (олардың ұлттық бейімделуінен басқа) алу үшін лицензиялық келісімнің шарттарын кеңейту туралы мәселе қаралатын болады. 
Шетелдік өнім экспортының өсуімен және Түркия нарығында көптеген түрлі брендтердің пайда болуымен байланысты Халал өнімдеріне қойылатын талаптарды реттеудің өзекті мәселесі бөлек талқыланды. Осы орайда Түркияда Халал өнімдерін сертификаттау жөніндегі органдарды аккредиттеуге жауап беретін Халал аккредитациялау бойынша дербес агенттік құрылды. Барлық талаптар Ислам ынтымақтастығы ұйымының стандарттау және метрология жөніндегі SMIIC – институтының стандарттарына негізделеді. 
Бүгінгі таңда Түркияда Халал сертификациясы мен аккредитациясы ерікті, Халал өнімдерін таңбалаудың бірыңғай белгісі жоқ. 
Барлық алынған ақпарат ағымдағы жылдың соңына қарай жұртшылықтың назарына ұсынылатын Түркияның Техникалық реттеу жүйесі туралы елдік шолуда көрсетілетін болады. Қазақстандық экспорттаушылар Түркия нарығына шығу үшін қажетті іс-қимылдармен және өнім түрлері бойынша түрік стандарттары талаптарының ерекшеліктерімен таныса алады.


Кайту