Жабу
Логин:
Пароль:
Тіркелу
  Кіру
 Интернет-дүкен   |     Нашар көретіндерге арналған нұсқа   |    English   |    Русский   |    Қазақша  



09.08.2019

Алматы облысында техникалық реттеу саласындағы Өнірлік штабтың отырысы өтті.

2019 жылғы 9 тамызда Алматы облысының кәсіпкерлер палатасы алаңында «қарапайым заттар экономикасы» салаларын дамыту мәселелері жөніндегі өңірлік штабтың отырысы өтті.

Штаб отырысына облыстың мемлекеттік органдарының бюджеттік бағдарламалар әкімшілері, Кәсіпкерлер Палатасы және басқа да мемлекеттік органдар шақырылды.

«ҚазСтИн» РМК филиалының директоры Мария Жетыбаева өз сөзінде ұлттық техникалық ерекшеліктерде, ал ол болмаған жағдайда, «Мемлекеттік сатып алу туралы» 04.12.2015ж. Заңының 21,38 баптарына сәйкес, конкурстық құжаттамаға міндетті талаптар бөлігінде көрсету қажеттілігіне назар аударды.

Сонымен қатар, ТРМКД басшысының орынбасары Бибігүл Омарова Еуразиялық экономикалық одақ (ЕЭО) және Қазақстан Республикасының заңнамасы шеңберінде сәйкестікті міндетті растауға жататын өнімдерді әкелу тәртібі туралы, ЕАЭО және ҚР бекітілген техникалық регламенттері бойынша ақпарат туралы түсіндірді. Ол қазіргі уақытта өнімді әкелу Кеден одағы аумағында міндетті талаптар белгіленген тауарларды (тауарларды) Кеден одағының аумағына әкелу тәртібі туралы ережеге сәйкес жүзеге асырылып жатқанын атап өтті.

Облыстық мемлекеттік аудит департаментінің бас маманы Ардақ Саржанова «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына енгізілген өзгерістерге қысқаша шолу жасады.



Кайту