Жабу
Логин:
Пароль:
Тіркелу
  Кіру
 Интернет-дүкен   |     Нашар көретіндерге арналған нұсқа   |    English   |    Русский   |    Қазақша  



21.08.2019

Алматы облысында ветеринариялық зертхананы аралау жұмыстары өтті

«ҚазСтИн» РМК филиалы ағымдағы жылдың 21 тамызында «Республикалық ветеринариялық зертхана» ШЖҚ РМК ТФ-да болды.

Кәсіпорынның негізгі қызметі тұрақты диагностикалық зерттеулер жүргізу және жануарлардың аса қауіпті аурулары бойынша елдің эпизоотиялық салауаттылығын қамтамасыз ету жолымен халықты жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғауға бағытталған. Кәсіпорын зертханасы тамақ қауіпсіздігіне зерттеу жүргізуге арналған жабдықтармен жабдықталған: сұйық және газды хроматографтар, атомдық-абсорбциялық спектрофотометрлер, вольт амперометриялық талдағыштар, полярографтар, радионуклидтерді анықтауға арналған спектрометриялық кешендер және басқалар.

Ветеринарлық зертхананың ұжымына Техникалық реттеу жүйесінің құралдары, қолданыстағы нормативтік құжаттар, Еуразиялық экономикалық одақ (ЕЭО) шеңберіндегі нормативтік құжаттардың жобалары туралы ақпарат ұсынылды.

Компания қызметкерлері 2020 жылға арналған мемлекеттік стандарттау жоспарымен, сондай-ақ саудадағы техникалық кедергілер, санитарлық және фито-санитарлық шаралар жөніндегі ақпараттық орталықтың қызметімен танысты.

Мұндай аралау жұмыстары кәсіпорын өз бизнесін ілгерілету үшін пайдалана алатын техникалық реттеу және стандарттау мәселелері бойынша өзекті ақпаратты ұсыну мақсатында жүйелі түрде өткізіледі.



Кайту