Жабу
Логин:
Пароль:
Тіркелу
  Кіру
 Интернет-дүкен   |     Нашар көретіндерге арналған нұсқа   |    English   |    Русский   |    Қазақша  



22.08.2019

Алматы облысында мемлекетаралық стандарттар қаралды

 «КазСтИн» РМК Алматы облысы бойынша филиалы Республикалық ветеринариялық зертхана алаңында позицияларды айқындау үшін («Қабылдау», «Қарсы», «Қалыс қалу») мемлекетаралық стандарттарды қарастыру бойынша және ГОСТ Р 58340-2019 «Сүт және сүт өнімдері. Сауда сөресінен сынама алу және сынамаларды зертханаға жеткізу әдісі» стандартын «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» (КО ТР 021/2011) Кеден одағының техникалық регламентінің стандарттар тізбесінің жаңартылған нұсқасына енгізу туралы ұсынысты қарастыруға арналған дөңгелек үстел отырысын өткізді.

Отырыс барысында қатысушыларға крахмал мен крахмал өнімдері, ет және ет өнімдері, сүт және сүт өнімдері мен күрке тауық етіне арналған мемлекетаралық стандарттардың жобалары бойынша презентация ұсынылды. Сонымен қатар ГОСТ Р 58340-2019 «Сүт және сүт өнімдері. Сауда сөресінен сынама алу және сынамаларды зертханаға жеткізу әдісі» стандарты бойынша презентация ұсынылды.

Қатысушыларға позиция уақтылы берілмеген жағдайда (мерзім басталған кезде, жоба бағдарламада автоматты түрде алынып тасталатыны) осы мемлекетаралық стандарттар Қазақстан Республикасының дауысын ескермей қабылданады, яғни, мемлекетаралық стандарттарда отандық өндірушілер орындамайтын талаптарды белгілеу тәуекелі туындайтыны туралы ақпарат берілді.

Отырыстың негізгі мақсаты техникалық реттеу бойынша өндірушілерге ақпараттық және түсіндірмелі көмек көрсету, Еуразиялық экономикалық комиссиядан түсетін құжаттарды жылдам қарауды қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерін ескере отырып, олар бойынша ұсыныстар дайындау болып табылады.


Кайту