Жабу
Логин:
Пароль:
Тіркелу
  Кіру
 Интернет-дүкен   |     Нашар көретіндерге арналған нұсқа   |    English   |    Русский   |    Қазақша  



06.09.2019

Шымкент қаласының және Түркістан облысының 100 маманы техникалық реттеу саласында оқытылды

2019 жылдың 3-5 қыркүйек аралығында Шымкент қаласында «ҚазСтИн» РМК Туркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша филиалы техникалық реттеу саласында қызметкерлерді даярлау және біліктілігін арттыру бойынша семинар өткізді.

   Биылғы жылы техникалық реттеу, метрология және менеджмент жүйелері саласындағы кәсіби құзыретін жетілдіру және деңгейін арттыруға 100 маман келді, оның ішінде Шымкент қаласының және Түркістан облысының мемлекеттік органдар өкілдері, сәйкестікті растау жөніндегі органдары, сынақ, салыстырып тексеру зертханалары, білім беру мекемелері, сондай-ақ кәсіпорындары мен ұйымдарының өкілдері.

   Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ТРМКД Департамент басшылары Есқараев Б.Ә. және Манқараев Ж.З., Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриялды-инновациялық даму   басқармасы бөлімінің басшысы Қалдыбеков Б.А. және «ҚазСтИн» РМК Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша филиал директоры Бейсеев С.Ә. семинарды ашты.

   Семинарға қатысушыларға келесі негізгі тақырыптар бойынша дәріс материалдары ұсынылды: «Стандарттау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың техникалық реттеудің шарттық-құқықтық негізі, ЕАЭО және ҚР стандарттау жүйесі, метрология саласындағы заңнамадағы жаңалықтар, менеджмент жүйелерін сертификаттау саласындағы жаңа тәсілдер, «Табиғи минералды суды қоса алғанда, қапталған ауызсудың қауіпсіздігі туралы» (ЕАЭО ТР 044/2017), «Химиялық өнімнің қауіпсіздігі туралы» (ЕАЭО ТР 041/2017) және «Минералды тыңайтқыштарға қойылатын талаптар туралы» (ЕАЭО ТР 039/2016) КО/ЕАЭО техникалық регламенттерін қолдану ерекшеліктері.

   Курмангалиев С.Ш. - СРО және СЗ бағалау жөніндегі сарапшы-аудитор, Яшкина Г.Б. – Нур-султан қаласы бойынша ТРМКД Департамент басшысының орынбасары, Бейсеев Сәкен Әнуарбекұлы «ҚазСтИн» РМК Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша филиал директоры, Бибалаева Сапаркүл Қутанқызы «ҰСжСО» АҚ Өнімдері мен қызметтерінің сәйкестігін растау жетекші маманы, Аймбетова Эльмира Оразғалиқызы химиялық өнімнің қауіпсіздігі бөлімінің бастығы, «Қазақстан Республикасының минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы» РМК және Жанабаева Гульжан Абилакимовна «ҚазМетрИн» РМК Оңтүстік Қазақстан филиалы ФХИПКН зертханасының меңгерушісі дәрістерді оқыды.

   Тыңдаушылардың үлкен қызығушылығы халықаралық, аймақтық, шетелдік стандарттарды қолдану, мемлекеттік сатып алуда ұлттық стандарттарды қолдану бойынша сұрақтар көтерілді, сондай-ақ стандарттаудың ұлттық жүйесі және Ұлттық стандарттау органының құзыреттілігі ерекше қызығушылық тудырды.



Кайту