Жабу
Логин:
Пароль:
Тіркелу
  Кіру
 Интернет-дүкен   |     Нашар көретіндерге арналған нұсқа   |    English   |    Русский   |    Қазақша  



06.09.2019

Талдықорғанда өлшеу белгісіздігін бағалау бойынша оқу семинары өтті


Мемлекеттік метрологиялық институттарының Евро-Азиаттық бірлестігінің еңбек сіңірген метрологы Донбаева Вера Алексеевна дәріскер ретінде қатысуымен, 2019 жылдың 3 мен 5 қыркүйек аралығында Талдықорған қаласында «Өлшеу белгісіздігін бағалау» бойынша оқыту семинары Алматы облысы бойынша филиалдың ұйымдастырды.

Семинарға «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ ТФ, «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК филиалының, «Темирбетон» ЖШС, «Сарша сынақ зертхансы», «Жетісу агралық сараптамасы» ЖШС сынақ және калибрлеу зертханаларының басшылары мен мамандары қатысты.

Семинар барысында дәріскер өлшем нәтижелерінің белгісіздігін анықтау тұжымдамасының пайда болу тарихын ашып айтып берді, сонымен қатар бірқатар тақырыптық дәрістер ұсынды.

Өнім сынақтарының нәтижелерін өңдеу кезінде аналитикалық өлшеу белгісіздігін бағалау бойынша жеткілікті, көрнекті мысалдар көрсетілді. Сонымен қатар, дәріскер әрбір қатысушымен тәжірибелік есептеулер жүргізіп, олардың қорытындыларын тексеріп, қателіктерді талдады.

Оқытудың негізгі мақсаты зертханалардағы өлшеу белгісіздігін бағалауды, қолданылатын әдістемелерге қатысты өлшеу белгісіздігін бағалаудың дұрыс есептеуді, алынған есептеулерді зертханалық жұмыстың жақсаруына әкелетін сынау нәтижелерін үнемі жақсарту үшін қалай қолдануға болатындығын үйрету болып табылады.

 

 

 


Кайту