Жабу
Логин:
Пароль:
Тіркелу
  Кіру
 Интернет-дүкен   |     Нашар көретіндерге арналған нұсқа   |    English   |    Русский   |    Қазақша  



06.09.2019

Алматы облысында ұлттық және мемлекетаралық стандарттардың техникалық шарттарда қолданылу талқыланды

«ҚазСтИн» РМК ТРМК Алматы облысы бойынша департаментімен бірлесіп «қарапайым заттар экономикасы» салаларын дамыту мәселелері және ұлттық режимнен алып тастауды бекіту жөніндегі дөңгелек үстел отырысын өткізді.

   Отырысқа аймақтың өндірістік кәсіпорындардың өкілдері қатысты.

Талқылау тақырыбы «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қабылданған түзетулер болды. «ҚазСтИн» РМК филиалының директоры Мария Жетыбаева өз сөзінде ұлттық техникалық ерекшеліктерде, ал ол болмаған жағдайда, «Мемлекеттік сатып алу туралы» 04.12.2015ж. Заңының 21,38 баптарына сәйкес, конкурстық құжаттамаға міндетті талаптар бөлігінде көрсету қажеттілігіне назар аударды.

Стандарттардың қолданылуына талдау жасау мақсатында отырыста қордағы стандарттардың тізімі, сондай-ақ қарапайым заттар экономикасы саласына кіретін өнімдеріне стандарттардың жоқтығы туралы ақпарат берілді.

Тыңдаушыларға осы тізбелерге талдау жүргізу және филиал атына ұсыныстар жіберу ұсынылды.

Сонымен қатар, ТРМКД басшысының орынбасары Бибігүл Омарова Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде ұлттық режимді қолдануды түсіндірді. Ол мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде шетелдік тауарларға, сондай-ақ шетелдік әлеуетті өнім берушілер орындайтын жұмыстар мен қызметтерге Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда көзделген жағдайларда және шарттарда Ұлттық режим қолданылатынын айтты. Ұлттық режимнен алып қоюды белгілеу тәртібін ҚР Үкіметі айқындайды.

Отырысқа қатысушылар сатып алынатын тауарларға техникалық ерекшеліктерді қалыптастыру кезінде техникалық реттеу нормаларын қолдануға байланысты сұрақтарға түсініктеме алды.




Кайту