Жабу
Логин:
Пароль:
Тіркелу
  Кіру
 Интернет-дүкен   |     Нашар көретіндерге арналған нұсқа   |    English   |    Русский   |    Қазақша  



10.09.2019

Қазақстан БАӘ-ге экспорттық географиясын кеңейтуде

2019 жылғы 8-9 қыркүйекте Абу-Даби қаласында (БАӘ) Қазақстан-Әмірлік үкіметаралық комиссиясының 7-отырысы өтті, оның барысында тараптар түрлі салалардағы, оның ішінде техникалық реттеу саласындағы екіжақты қатынастарды қарастырды. Бұл кездесудің елдеріміз арасындағы өзара сауданы дамыту үшін маңыздылығын Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов атап өтті.

   Кездесу барысында Қазақстандық стандарттау және сертификаттау институтының өкілдері араб әріптестерімен стандарттау, аккредиттеу және сәйкестікті бағалау, соның ішінде халал өнімдері, оқыту, кәсіби өсу, ақпарат және тәжірибе алмасу саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

         Тараптар екі ел арасындағы сауда көлемін қарастырып, оны әртараптандыру мен көбейту үшін көп күш салу қажеттігін атап өтті.

         Қазақстанның стандарттау жөніндегі ұлттық органы БАӘ стандарттарына қол жеткізуді қамтамасыз ету, БАӘ мен Қазақстан Республикасында экспортқа шығарылатын өнімнің басым түрлеріне қойылатын талаптарға салыстырмалы талдау жүргізу үшін жұмыс жасайды.

         Өз кезегінде араб тарапы қажетті ақпаратты беруге, оқытуға және Қазақстанда халал сертификаттау жүйесін енгізуге техникалық көмек көрсетуге дайын екендігін білдірді.

         Тараптар екі ел арасындағы саудадағы техникалық кедергілерді жоюға бағытталған бірлескен бағдарламаны қабылдауға келісті.

         Келіссөздердің нәтижелері бойынша тараптар ынтымақтастықты одан әрі дамыту мен нығайтуға деген өзара ұмтылысты растады және оларды жандандыру үшін практикалық қадамдар жасады.



Кайту