Жабу
Логин:
Пароль:
Тіркелу
  Кіру
 Интернет-дүкен   |     Нашар көретіндерге арналған нұсқа   |    English   |    Русский   |    Қазақша  



13.09.2019

Таразда кәсіпорындарда менеджмент жүйелерін ендіру бойынша семинарда менеджмент жүйелері стандарттары оқытылды

Қазақстан стандарттау және сертификаттау институтының Филиалы бизнес ортасының өкілдері үшін 12 қыркүйекте Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті алаңында «Менеджмент жүйелерін кәсіпорындарда енгізу бойынша аймақтық (салалық) семинарларды өткізу» семинарын өткізді.

 

Іс-шара халықаралық стандарттарға сәйкес менеджмент жүйелерін ендірген және сертификаттаған отандық кәсіпорындардың санын арттыру, сонымен бірге ISO 9004 «Сапа менеджменті. Ұйымның сапасы. Тұрақты табысқа жету бойынша ұсынымдар» және ISO 50001 «Энергетикалық менеджмент жүйелері. Пайдалану жөніндегі талаптар мен нұсқаулық» жаңа стандарттарының талаптарын түсіндіру мақсатында өткізілді.

Жалпы алғанда, семинарға қатысушыларына ISO 9004 және ISO 50001 жаңа стандарттарының талаптары түсіндірілді. Бұл кәсіпорындар мен ұйымдарға болашақта, тәжірибеде барлық қажетті құралдарды дұрыс және тиімді пайдалануға және энергетикалық менеджментті басқару жүйесінде жоғары нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Сонымен бірге өнім мен қызметтер өндірісін, өнім сапасын және тек ішкі нарықта ғана емес, сыртқы нарықта да кәсіпорын мен ұйымдардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға көмек береді.


Дәрісті «Астаналық сапа және метрология орталығы» ЖШС СМҚБ басшысы, менеджмент жүйелері бойынша сарапшы-аудитор Булатова Елена Сергеевна оқыды.

Іс-шараға Жамбыл облысы бизнес-құрылымдарының 100 өкілі қатысты.

 


Кайту