Жабу
Логин:
Пароль:
Тіркелу
  Кіру
 Интернет-дүкен   |     Нашар көретіндерге арналған нұсқа   |    English   |    Русский   |    Қазақша  



12.09.2019

Арнайы экспорттаушылар үшін: ҚазСтИн елдік шолулар жобаларын дайындауда

Нұр-Сұлтан қ. Эталон орталығында уәкілетті орган ТРМК мен ҚазСтИн техникалық реттеу және стандарттау құралдарымен экспортты жылжыту бойынша жұмыстардың барысын талқылаған жұмыс кеңесі өтті. Талқылау Техникалық реттеу және метрология комитетінің басшысы Арман Шаққалиевтің төрағалығымен өтті.

   Бүгінде елдің экспорттық саясатын іске асырудағы стандарттаудың рөлі артты. Экспортты ілгерілетудегі маңызды міндет экспорттаушыларды экспорт елдерінде қолданыстағы стандарттар мен осы елдердің нарығына түсетін өнімге қойылатын талаптар, сондай-ақ өнімнің экспорттаушы елдердің талаптарына сәйкестігін растау рәсімдері туралы барлық ақпаратпен қамтамасыз ету болып табылады.


- Экспортты жылжыту бойынша жұмыстың мәні бұл қазақстандық кәсіпорындарға қадамдық жолды – белгілі бір елдің нарығына қалай шығу керектігін көрсету. Бүгінде құжатты (стандартты) аудару жеткіліксіз. Оны егжей-тегжейлі зерттеп, жергілікті деңгейде бейімдеу қажет. Бұл құжатты тәжірибеде қолдану керектігін айта кету керек, - деп атап өтті ТРМК төрағасы Арман Шаққалиев.

Осыған байланысты, Стандарттау жөніндегі ұлттық орган үлкен талдау жұмысын жүргізді, оның негізінде Қытай, Иран, Түркия, БАӘ, сондай-ақ органикалық өнім бөлігінде Германия сияқты елдерге экспортты жылжыту «елдік» шолулар мен алгоритмдерді әзірлеуге кірісті. Қазақстан стандарттау және сертификаттау институтының бас директоры Хайрат Кәрібжанов атап өткендей: «елдік шолу - қазақстандық өнімді олардың нарығына жылжыту үшін басқа мемлекеттердің өкілдерімен барлық талдау жұмыстарының, келіссөздердің, кездесулердің квинтэссенциясы. Елдік шолу қазақстандық экспорттаушының өз өнімдерін жылжыту бойынша жоспарларын іске асыруға көмектесетін маңызды құжатындай болуы тиіс».

Кеңес аясында «ҚазСтИн» РМК өкілдері ҚХР-ға экспортты жылжыту бойынша шолу есебінің жобасын таныстырды. Қатысушылар отандық өнім экспортының өңделген механизмі бойынша өзекті мәселелерді талқылап, оны жақсарту жөнінде ұсыныстар енгізді.

Қатысушылар ұсынылған мәліметтерге үлкен қызығушылық танытып, Қытай нарығына қол жеткізу үшін техникалық реттеудің, стандарттау мен сәйкестікті бағалаудың маңыздылығын атап өтті. Пікірталас форматында проблемалық сұрақтар талқыланып, отандық өнімді бәсекелестік нарықтарға шығару алгоритмін нақты және әлеуетті экспорттаушылардың кең ауқымына түсінікті әзірлеу бойынша ұсыныстар берілді. Кеңес қорытындысы бойынша жұмысты бекітілген мерзімге сәйкес жалғастыру туралы шешім қабылданды.


Кайту