Жабу
Логин:
Пароль:
Тіркелу
  Кіру
 Интернет-дүкен   |     Нашар көретіндерге арналған нұсқа   |    English   |    Русский   |    Қазақша  



19.09.2019

Қызылорда облысының 100 маманы Техникалық реттеу саласында білім алды

19 қыркүйек күні Қызылордада кәсіпорындарда менеджмент жүйесін енгізу бойынша семинар өтті. Аталған іс-шараны Қазақстан стандарттау және сертификаттау институтының филиалы бюджеттік бағдарлама аясында мемлекеттік органдар, бизнес-орта өкілдері, Қызылорда облысының өнеркәсіп кәсіпорындарының әр түрлі санаттағы мамандары, сәйкестікті растау жөніндегі органдар үшін ұйымдастырды.

Дәріскер ретінде сәйкестікті растау жөніндегі органдарды, сынақ зертханаларын және сапа менеджменті жүйелерін бағалау жөніндегі сарапшы - аудитор Құрманғалиев Серік Шолпанқұлұлы сөз сөйледі. Ол тыңдаушыларды менеджмент жүйесі саласындағы халықаралық стандарттардың жаңа нұсқаларымен таныстырды:

- ISO 9004 «Сапа менеджменті. Ұйым сапасы. Тұрақты табысқа жету бойынша ұсынымдар»;

- ISO 50001 «Энергия менеджменті жүйелері. Қолдану бойынша талаптар мен нұсқаулар» тақырыптары ұсынылды.

Семинар ISO 9004 жаңа стандартын қарастырудан басталды.

ISO 9004 стандарты ұйым жұмысын жақсартуға бағытталған ұсынымдары бар жүйені жақсарту бойынша басшылық болып табылады. Дәріскер аталған стандартты ұйымда енгізу ұйымның тұтынушылар мен мүдделі тараптардың сұраныстары мен болжамдарына сәйкес болу қабілетіне сенімділік беретінін атап өтті.

Семинардың екінші бөлігінде ISO 50001 энергия менеджменті жүйелерінің халықаралық стандарты қарастырылды. Бұл құжаттың негізгі мақсаты – ұйымдарға энергия тиімділігіне, энергия тұтыну типіне қатысты энергия нәтижелілігін тоқтаусыз жақсартуға қажетті жүйелер мен үрдістерді қалыптастыруға мүмкіндік беру. Аталған құжат ұйымның энергия менеджменті жүйесіне қатысты талаптарды белгілейді. Энергия менеджменті жүйесінің сәтті енгізілуі энергия нәтижелілік мәдениетін дамытуға септігін тигізеді. Негізінен бұл ұйымдағы мәдени өзгерістерге байланысты. Қазіргі заманауи мекемелерде энергия қорын басқару және энергияны үнемдеу өзекті мәселелердің бірі болып саналады.

Семинар талқылау түрінде өтті, қатысушылар өздеріне қажетті сұрақтарға дәріс тақырыбы аясында жауап ала алды.

Іс-шара қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға сертификаттар тапсырылды.

 


Кайту