Жабу
Логин:
Пароль:
Тіркелу
  Кіру
 Интернет-дүкен   |     Нашар көретіндерге арналған нұсқа   |    English   |    Русский   |    Қазақша  



04.10.2019

Оралда халықаралық менеджмент жүйесінің стандарттарының жаңа нұсқалары бойынша семинар өтті

4 қазан күні Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің алаңында өңірдің әр түрлі ұйымдары мен кәсіпорындарының, мемлекеттік органдардың, СРО, ЖОО мен Кәсіпкерлер палатасының өкілдері үшін кәсіпорындарға менеджмент жүйесін енгізу бойынша аймақтық семинар өткізілді.
Семинардың ұйымдастырушысы – ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты.
Іс-шараға қатысушылар ISO 9004 «Сапа менеджменті. Ұйым сапасы. Тұрақты табысқа қол жеткізу жөніндегі ұсыныстар» халықаралық стандартының негізгі ережелерін қарастырды, қызметкерлердің басқару процестері үшін жауапкершілігі мен өкілеттіктері туралы, ресурстар менеджменті және қызметкерлердің тартылуы туралы, ұйымның өнімділігін талдау және бағалау алгоритмі туралы білді.
Сондай-ақ ISO 50001 «Энергетикалық менеджмент жүйелері. Пайдалану жөніндегі талаптар мен нұсқау» стандартының жаңа нұсқасы және тұтынушылардың типтеріне, энергия шығынына, өлшеулерге, құжаттама мен есептілікке, жабдықтарды, жүйелерді, процестерді жобалауға және сатып алу тәжірибесіне және өндірістегі энергия нәтижелілігіне байланысты персоналды тартуға қойылатын талаптарға қатысты мәселелер егжей-тегжейлі қарастырылды.
Экологиялық менеджмент, кәсіби қауіпсіздік және денсаулық, сондай-ақ сапа менеджменті жүйелерінің сәйкестігін растау жөніндегі сарапшы-аудитор Исмагулова Хадиша Уалиоллаевна семинар лекторы болып сөз алды.
Семинар әр түрлі деңгейдегі қызметкерлердің кәсіби құзыреттілік деңгейін жетілдіру және арттыру мақсатында өткізілді.
Өткізілген семинар қорытындысы бойынша 100 тыңдаушыға сертификат берілді.



Кайту